Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев № 918 Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев № 919 Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын.
Аймағамбетов мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді;
Нұрбек жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.