Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын білім қызметкерлері арасында талқылау мақсатында облыстық бейне-конференция өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Мемлекеттің дін саласындағы саясатын БАҚ арқылы насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасының шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың 29 тамызы күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын білім қызметкерлері арасында талқылау мақсатында облыстық бейне-конференция ұйымдастырды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының онлайн орталығында өткізілген бейне-конференцияға Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдері және Тараз қалалық бірқатар мектептері онлайн-байланыс арқылы қосылды. Бейне-конференциясыны «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының вице-президенті, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Қайратұлы Берікқожа жүргізді. Конференцияда Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Тәжібаев Бигелді Халилуллаұлы «Зайырлылық және дінтану пәнін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында және Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дінтану орталығы» бас маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер» атты баяндама жасады. Конференция барысында «Зайырлылық және дінтану» пәнінен сабақ берудің әдістері мен жаңа методикалары, сабақ беру үшін пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер жыйынтығы, жаңадан қабылданған заңға сәйкес мектеп оқушыларың мектеп формасы және т.б. өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына лекторлар тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Іс-шара соңы конференциясының қарар-ұсынымдарының қаблдануымен аяқталды.