Айнур Абайқызы 1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика және бизнес» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласында, Транстелекомда оператор болып бастаған.
Одан кейінгі жылдары:
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің демографиялық есептеулер және зерттеулер басқармасының сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы Ақпараттық технологиялар департаментінің Ақпараттық жүйелерді үйлестіру және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті статистикалық процестерді цифрландыру басқармасының Ұлттық статистика бюросының басшысы;
Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасында бас маман қызметтерін атқарған.
Жамбыл облысы Білім басқармасы