Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім беру сапасын арттыру бағытындағы негізгі басымдықтар арқылы оқу-тәрбие процесін дамыту» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған облыстық секциялық отырыс өтті.
Аталған іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Семченко Александр Александрович, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекқызы, Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Курганбаева Гульмира Аманжолқызы, Тараз қаласындағы НЗМ «ДББҰ» педагогикалық шеберлік орталығының директоры Нарегеева Агура Маарбанқызы және аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Секциялық отырыста барлығы 300 адам бас қосты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы