ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Берік Уәлиұлы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Берік Уәлиұлы Т.Жүргенов атындағы ҚазМТК институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Журналистика», ҚазГЮУ «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның журналисті болып бастады,«ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі болып жұмыс жасады.
Берік Уәли Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР ИДМ кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы ретінде жұмыс істеген.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. «Құрмет» орденімен, 4 медальмен марапатталған.