• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: «Жұмыс қайнауы тиіс!»

27.03.2020
0
Бердібек Сапарбаев: «Жұмыс қайнауы тиіс!»
503
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жобалау-сметалық құжаттамаларды сапалы және уақытылы дайындау мәселелері қаралды.

Бүгінде Жаһандық пандемия жағдайында мемлекет басшысы экономиканы қолдау бойынша нақты шаралар қабылдауда десек, бұл орайда бірінші кезекте құрылыс секторын жандандыруға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілуде. Бұл орайда құрылыс секторы арқылы барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалына оң әсер ететін түрлі салаларды  нығайта түсу маңызды.

Жамбыл облысына қосымша қаражат бөлінеді, бірақ оларды игеруге қаншалықты дайынбыз? Бұл ретте ЖСҚ-ны уақытылы дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу – бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қашаннан бері қалыптасқан мәселесі екендігіне айрықша назар аударылды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2014-2018 жылдары басталған 70 ЖСҚ әлі күнге дейін әзірленіп бітпеген. Сондай-ақ, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров та сол секілді 20 ЖСҚ туралы баяндады.

— ЖСҚ дайындау мерзімінің созылуының басты себебі – жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың болмауы. Неге тиісті шараларды қабылдамайсыздар? 2013 жылдың жобалау-сметалық құжаттамасы қазір кімге керек? Өйткені, құрылыс материалдарының бағасы, технологиясы мен талаптары түбегейлі өзгерді. Ал мемлекеттің ақшасы желге ұшуда. Тағы бір мәселе – сметаны дайындау кезінде бағаны негізсіз көтеру. «Түйе сұрасаң – бие аласың» деген. Мұндай тәсіл дұрыс емес. Бюджет қаражатына ұқыпты қарау керек. Ол үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, жергілікті материалдарды пайдалану маңызды,-деді Б.Сапарбаев.

Сондай — ақ, аймақ басшысы Ж.Шалдаровтың  жиынға дайындықсыз келгенін сынға алып, Н. Алдамжаровқа  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды көбейту бойынша жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.

— Аудандарға жұмыс сапарымның барысында кәсіпкерлер қажетті инфрақұрылымдарды жүргізуге көмектесуді сұрайды.  Бұл бағыттағы жұмыстар әлсіз атқарылуда, — деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы құрылысқа кіріспес бұрын міндетті түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жер асты суларының қорын және олардың сапасын зерттеу қажеттігіне көңіл бөлді.

Облыс әкімі құрылыстардың эстетикалық келбетіне назар аударды:

— Құрылыстың қасбеттері қатпарлы  немесе сұр емес, айрықша тартымды болуы шарт. Мектеп – бұл мәдени мекеме, балабақша немесе аурухана нысандары бірден көзге көрініп тұруы керек. Құрылыстардың қасбеттері, жағымды әсер сыйлап тұруы тиіс.

Аудан әкімдерінің де есебін тыңдаған Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының басшысы Рүстем Дәулеттен Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр, Аухатты және Қаракемер ауылдарындағы әлеуметтік мекемелердің құрылысына қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын сұрады.

Жобалау ұйымдарының директорлары өңір басшысына ЖСҚ-ны дайындаудың ең көп мерзімі жобаның күрделілігіне байланысты 6-8 айды құрайтынын және жиі әрқилы мәліметтермен кездесетіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде мемлекеттік сараптама басшысы жобалаушылардың құжаттаманы сапасыз дайындайтындықтарын айтып шағымданды.

— Бұл орайда уақытылы және тиімді жұмыс жүргізу керек. ЖСҚ дайындаудың мұндай қарқынына қарап қаражатты игерудің табыстылығына күмән туады. Үлгі – жобаларды дайындауда жергілікті жерлердің ерекшеліктерін ескерген абзал. Жобалық институттардың мүмкіндіктеріне талдау жасау керек. Құрылыс жұмыстарына тарту үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізімін құру маңызды. Екі мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, сондықтан жұмыс сәуір айынан бастап қайнауы тиіс! – деп өңір басшысы жауапты тұлғаларға міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский