• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев «Тараз» ФК ұжымымен кездесті

04.03.2020
0
Бердібек Сапарбаев «Тараз» ФК ұжымымен кездесті
417
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының ұжымымен кездесті.

Өңір басшысы миллиондаған көрермендердің сүйікті ойыны – футболдың көптен бергі жанкүйері екендігін,  ел және әлем спортының жаңалықтарына әрдайым назар аударып отыратындығын тілге тиек етті.

Жамбыл өңірінен түлеп ұшқан талантты футболшылар аз емес десек, бүгінде олардың бірқатары еліміздің көптеген клубтарында өнер көрсетуде. Солардың бірі Бауыржан Исламханның шетел клубында ойнап жүргенін айрықша айтуға болады.

Бердібек Сапарбаев жергілікті клубтың қазіргі құрамның басым бөлігі – жергілікті жастар екеніне көңіл бөлді. Сонымен қатар, ол Жамбыл футболының тарихы тереңде екенін, кезінде КСРО құрамасының мүшесі болған Сейділдә Байшақов, Сеулдегі Олимпиада ойындарының чемпионы Евгений Яровенко, басқа да данқты былғары доп шеберлерінің есімін ерекше атап өтті.

Аймақ басшысы клубтың бас жаттықтырушысы Владимир Никитенкомен, оның ассистенті Ваит Талгаевпен жақын таныстығын білдірді. Айта кетейік,  олар біркездері жақсы ойыншы ретінде өздерін көрсете білсе, кейіннен бапкерлік салада да жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

— Клубтың материалдық-техникалық базасы жақсы, оны  одан әрі дамыта түсетін боламыз. «Жастар» стадионын жаңғырту жұмыстарында кеткен кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша мердігерден талап етеміз. Шатыр-қалқа орнату жұмыстары қолға алынады. Орталық стадионның мүмкіншілігін УЕФА-ның барлық талаптарына сәйкестендіретін боламыз.  Сондай-ақ, «Локомотив» стадионын қайта жаңартамыз. Болашақта «Тараз»-дың еурокубокқа қатысатын уақыты туады деп үміттенемін, бірақ ол үшін көп  тер төгу керек. Екінші лигадағы жергілікті команданың әлеуетін күшейтіп,  бірінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне қол жеткізу керек. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге күмәніміз жоқ. Егер де, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсете алсаңыздар, қаржыландыру деңгейі де арта түседі, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, клуб өз кадрларын тәрбиелеуге аса көңіл бөлуде. Бүгінде  клубтың екінші құрамы толығымен жергілікті ойыншылардан тұратыны соның айғағы. Ал негізгі құрамның 25 ойыншысының 17-сі  жамбылдық.

Кездесуде «Тараз» ФК басшысының міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков алдағы маусымда алтыншы орыннан төмен көрсеткіш көрсетпеуді мақсат етіп отырғандықтарын жеткізді.

Бас жаттықтырушы Владимир Никитенко команда жоспардағы барлық жаттығуларын ойдағыдай өткізгенін тілге тиек етіп, алдағы біріншілікте жаңа регламент бойынша ЕАЭО құрамына кіретін елдердің ойыншылары енді легионерлер болып саналмайтындығына назар аудартты.

Команда капитаны Мақсат Әмірханов ойыншылардың бұл маусымда жақсы нәтижеге жету үшін бар күш-жігерлерін салуға дайын екендігін айтып, аймақ басшысына 10 нөмірлі  жейде мен клуб шарфын сыйға тартты.

Легионерлер атынан Беларус қорғаушысы Валерий Каршакевич сөз алып, ол команданың біртұтас әрі тату-тәтті бір ұжым екендігін атап өтті.

— Командада жақсы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасу керек. Клуб облыстың барлық спорт мектептерімен, әсіресе ауылдармен байланыс орнату қажет. Өйткені, көрінбей жүрген көптеген таланттар аз емес. «Былғары доп» облыстық турнирін жаңғырту, барлық аудандарда футбол академиясын құру, «аудан-қала-облыс» кезеңдері бойынша іріктеу турнирлерін ұйымдастыру қажет. Басты талап – тәртіп, футбол алаңында ғана емес, өмірде де бір-біріне құрмет көрсете білу.

Мен футболды өте жақсы көремін, тәжірибелі жанкүйермін. Егер сіздер жан-тәнімен беріліп өнер көрсетсеңіздер, біз де барынша қолдауға дайынбыз. Сол кезде жанкүйерлер де стадионға көптеп келеді деп ойлаймын, — деді кездесу соңында облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский