• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін құттықтады

23.05.2020
0
Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін құттықтады
153
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, сондай-ақ дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етті.

Еркін форматта өткен кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Шынында да, Бердібек Машбекұлының өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтынын көпке белгілі.

«Біз бұл кездесуді үлкен форматта өткізуді ойлағанбыз, алайда пандемияға байланысты елдегі қазіргі ахуалды ескеріп жоспарымызды өзгертуге тура келді. Әлбетте, сіздерді осындай мерекеде елеусіз қалдыра алмаймыз. Алдымен сіздерге елеулі еңбектеріңіз бен қазіргі кездегі белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Халқымыз қашанда өз мәдениеті мен өнеріне, әдебиетіне ерекше құрметпен қараған», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерінің  еңбек жағдайларына ерекше назар аударды.

«Мен сіздердің кейбіріңіздің қандай жағдайда жұмыс істеп отырғандарыңызды жақсы білемін. Көпшілігініңіздің жалақыларыңыз төмен. Алайда, мемлекет жыл сайын мәдениет саласын дамытуға бөлінген қаражат көлемін арттыруға күш салуда. Мәселен, биыл біздің облыста бұл бағытта 6,7 миллиард теңге қарастырылған. Үнемделген қаражат есебінен бұған дейін мүлде ауыл клубы болмаған алты елді мекенде мәдениет нысандарының құрылысын бастадық. Сонымен қатар, бірқатар нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде мәдениет пен өнерді өркендетуге жыл сайын айрықша басымдық беріп келеді», — деді Б. Сапарбаев.

Өңір басшысы сондай-ақ ағымдағы жылдың маңызды даталары ретінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 110 жылдығын атап өтті. Бердібек Машбекұлы мәдениет қызметкерлерінің онлайн форматқа негізделген мерейтойлық іс-шаралар жоспарына ерекше көңіл бөліп, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен «Мұражай түні» бағдарламасының ұнағанын жеткізді.

Мәдениет және өнер саласы қызметерлерінің атынан күйші-композитор, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері,  танымал «Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев облыс әкімінің жылы қабылдауына алғысын білдірді.

— Мәдениет пен өнер – өзіндік қиыны мен қызығы қатар жүретін сала. Мәдениеті дамымаған елдің ешқашан биік рухы, өнегелі тәрбиесі болмайды. Өкінішке қарай, бұл салада біздің қол жеткізген жетістіктерімізді нақты бағалайтын көрсеткіштер жоқ. Дегенмен, бізге қарап, мемлекетіміз бен халқымыздың рухани бай мұрасын бағамдайды. Өнердің тілі –  ешқандай шекарамен шектелмейді. Оны еш аудармасыз, миллиондаған адам түсініп, сезіне алады. Осы саланың өкілі екенімді мақтанышпен айтамын, — деді өнер қайраткері.

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы басшысының орынбасары Ахметжан Өзбеков те өз сөзінде қазақ халқының рухани бай мұрасын  тілге тиек етті. Оның айтуынша, түркітілдес халықтардың мәдениеті біздің елден бастау алады.

Кездесу барысында, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов те кәсіби мереке иелерін құттықтады.

— Сіздердің жетістіктеріңізбен әрдайым қуанып отырамыз. Алыстағы Америкада қазақтың әйгілі «Ерке сылқым» күйінің орындалып жатқанына мақтанамын. Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыстар тілеймін», — деді С.Сейдазимов.

Мерейлі мерекеде мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Қордай аудандық мәдениет үйінің директоры Күміскүл Сәрсенбаева, Ұлбике ақын атындағы Талас мәдениет орталығының директоры Кеңдия Пірман, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының әртісі Кенен Ақүрпеков және Меркі ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Таңтай Ахметжановтар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

25.06.2025
Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

25.06.2025
Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

25.06.2025
Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

25.06.2025
Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

25.06.2025
Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Жамбылда сараптама қорытындысы берілмей қаражаты толық аударылғандығы белгілі болды

25.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты