• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: «Біз шағын және орта бизнеске міндетті түрде қолдау көрсетеміз»

22.04.2020
0
Бердібек Сапарбаев: «Біз шағын және орта бизнеске міндетті түрде қолдау көрсетеміз»
566
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

    Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыста карантиндік режим енгізілуіне байланысты қиындықтарға  тап болған  өндіріс орындарының тынысымен танысуды жалғастыруда. Осы аптада облыс әкімі «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрып, жұмыс барысын барлады.

     Жалпы аталған серіктестік Тараз қаласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған мекеме болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған жарықдиодты шамдарының қуатты күші 10 пайызды көрсеткенімен, сапасы жағынан әлемдік нарықтағы шамдардан кем емес. Ал бағасы үш есе арзан.

     Алайда жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру желісі  30 пайыздық қуаттылықты көрсетсе, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мүлде көрінбейді. Осының салдарынан алдыңғы қатарлы қондырғылары бола тұра кәсіпорын толық қуатты күшіне шыға алмауда. Нәтижесінде 150 жұмысшы  36 адамға дейін қысқартылған. Сондай-ақ  12 мүмкіндігі шектеулі қызметкердің 2-і жұмыссыз қалған.

     Жағдайды көзбен көрген облыс әкімі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров пен Тараз қаласының әкімі Атқазы Қарабалаевқа барлық мәселені зерделеуден өткізіп, бір шешімін табуды тапсырды.

      Сүт өндірісі бағытында жұмыс жасап жатқан «Көкжиек-2030» ЖШС-да  64 түрлі өнім шығаруға қауқарлы құрылғысы бола тұра, тығырыққа тірелуде. Сондай-ақ карантиндік режимге байланысты Ресей мен Қытай мемлекетінен өнімге қажетті қаптар келмей қалған. Серіктестік басшысы Әбдіқали  Бегімбетовтың айтуынша, кәсіпорын сүтті сатып алу бағасын  литіріне 120 теңгеге дейін көтерген екен. Есесіне кәсіпкер ауыл тұрғындарына сауын сиырларын бөліп беріп, сүтті өндіріс орнына 5 жылдың бедерін өткізіп тұру  туралы талап қойған. Сондай-ақ серіктестік жарты жылдан кейін сиырларды сатып алу механизімін  енгізген. Осылайша өндіріс орны шикізат мәселесін шешуге күш салған.  Алайда Әбдіқали  Бегімбетов  жердің тапшылығынан облыс орталығынан павильон мен сауда нүктелерін аша алмай отырғанын айтады.

— Жергілікті өндіріс орындары Тараз қаласын сүт өнімдерімен қамти алатындай қуатты күшке ие болса да, сырттан келетін өнімдер бір толастамауда.  Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарларды шығаруды және өткізуді ретке келтіру қажет. Бұл бағаны төмендетуге мүмкіндік беріп, тұрғындардың да оң пікірін қалыптастырады, -деді Бердібек Машбекұлы кәсіпорын басшысының ұсыныс-тілектерін тыңдап.  Бұдан бөлек, аймақ басшысы балмұздақ өндірісін қолға алып, шығарылатын өнім түрін әртараптандыруды тапсырды.

   Тараз металлургиялық зауыты ферроқорытпа және электродты масса өндіру бағытында жұмыс жасауда. Кәсіпорын басшысының міндетін атқарушы Аида Жақсылықованың айтуынша, өндірісте өндірілген өнім Ресей, Қырғыз  мемлекеттерімен қатар, «Қазхром»АҚ-ның  Ақсу ферроқорытпа зауытына жөнелтіледі. Зауыт жұмысының айрақша атап өтер тұсы – кәсіпорын 748 қызметкерінің бірде-біреуін карантинге байланысты ақысыз демалысқа жібермеген.

    Бердібек Машбекұлы өндіріс орындары өнімдерін азайтмай, жұмысшылардың да жалақысын дер кезінде беріп тұруы қажеттігіне  басымдық берді. Сондай-ақ аймақ «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ басшылығымен келіссөздер  жүргізіп,   күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша көмек беретіндігін   айтты.

    Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал тағамдары» ет комбинатының  жұмысы өткен жылдың қараша айынан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорын соңғы рет 20 тонна қой етін Иран мемлекетіне экспорттаған. АҚШ мемлекетінің Иран ислам Республикасына қатысты санкциясына байланысты өндіріс орны негізгі тапсырыс берушісімен байланысын үзген. Осы жайт комбинаттың жұмысын тұралатуда.

     Өңір басшысы бұл қол қусырып  қарап отыратын мәселе емес екенін алға тартып, комбинат басшылығына жергілікті билік тарапынан қандай көмек қажет екендігі туралы ұсыныс беруді тапсырды. Және Бердібек Машбекұлы қазіргі таңда кәсіпорындардың жұмысын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың тұрмысын түзету — басты міндет саналатындығын  көптің есіне тағы бір рет салды.

    Облыс әкімі сондай-ақ  №14 ықшамауданындағы  облыстық онкологиялық аурухананың құрылысымен танысты. Жобалық құны 4,6 миллиард теңгені құрайтын нысанның құрылысы 2018 жылы жанданып, 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда 3,3 миллиард теңге игеріліп, құрылыс қарқын алуда.

     Атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысқан Бердібек Машбекұлы  бас ғимараттың қас бетінің құрылысын қатаң сынға алып, авторлық және техникалық қадағалау жұмысын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ нысанды қосалқы генератормен қамту, медициналық құралдарды сатып алуды тездетуді және көріктендіру-көгеріштендіру жұмыстарына көңіл бөлуді міндеттеді. Ал Талас өзенінің бойындағы көпірге қатысты облыс әкімі келер жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  қажетті құжаттарды дайындауды жауапты сала мамандарына жүктеді. Бұл құрылыс сондай-ақ Қарасай ауылындағы 629 ауланы ағын сумен қамту мәселесін де шешпек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты