• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов: Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

14.08.2024
0
Бектенов: Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек
74
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Кеңес барысында мұнай өндіру мен өңдеудің сын-тегеуріндері мен келешегі, сондай-ақ геологиялық барлау саласындағы жаңа жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

Премьер-Министр атап өткендей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын дамыту және арттыру міндетін қойды.

Өткен жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді, ал расталған қор 2,9 млрд тоннаға бағаланып отыр. Сала салық түсімдері мен жұмыс орындарының едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.

Олжас Бектенов Қазақстанда ірі жобаларды іске қосудың маңызына тоқталды, оның ішінде Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты, салына бастаған үш газ өңдеу зауыты бар. Бутадиен және полиэтилен өндіретін зауыттар салу перспективалары талқыланды. Салық және инвестициялық заңнама жетілдірілуде, Кәсіпкерлік кодекске және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске кәсіпорындарға жүктемені төмендететін түзетулер енгізілді. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін реттеушілік және фискалдық преференциялар топтамасын бекітетін күрделі жобалар бойынша жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізілді.

Үкімет мұнай және мұнай өнімдері нарығын ырықтандыруға бағытталған реформалар жоспарлап отыр. Осы мақсатта Салық және Бюджет кодекстеріне, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске заңнамалық түзетулер әзірленуде, бұл жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай өнімдерін өндірушілерді қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, бизнестен жергілікті қамту үлесін айтарлықтай ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары күтілуде. Мұнда маңызды рөл үш ірі консорциум – «Теңізшевройл», Karachaganak Petroleum Operating B.V. және North Caspian Operating Company N.V. компанияларына жүктелген, бұл – саладағы барлық сатып алулардың 70%-ын құрайды.

Мұнай-газ саласы ең алдымен, барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек. Біз ұлттық бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын құруға және азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал ете отырып, мұнай-газ саласынан түсетін табыстың неғұрлым көп бөлігінің Қазақстанда қалғанын қалаймыз. Сондай-ақ жергілікті кадрларға да тиісті көңіл бөлу қажет. Көптеген есептерде жұмысшылардың 90%-дан астамы қазақстандықтар екенін көріп отырмыз. Бірақ басшылық құрам туралы бұлай айта алмаймыз. Бүгінгі таңда елімізде әлемдік жетекші мұнай-газ компанияларынан алған жұмыс тәжірибесі бар басқарушылар жеткілікті. Оларға жобаларда перспективалық позицияларды ұсынуымыз қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет инвестиция тартуға жағдай жасай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты компанияларға тереңдеу жатқан жерлерді зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ Премьер-Министр экономикалық даму мен экологиялық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдіктің маңызына тоқталып, экология мәселелеріне де назар аударды. Ол үшін инновациялық әзірлемелер мен жаңа технологиялық шешімдерге белсенді түрде инвестиция салу қажет.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Chevron Corporation» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнес, «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ли Шуфэн және басқа да қатысушылар мұнай-газ саласындағы ахуал туралы баяндама жасады.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: газКЕҢЕСҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметімұнайОлжас Бектенов
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский