• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
0
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің таяудағы сапары барысындағы келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сыртқы істер министрлігі деректері бойынша, қазір Қазақстанда қытайлық инвесторлардың қатысуымен 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, жалпы құны $66,4 млрд болатын 224 индустриялық жоба жүзеге асырылуда. ҚХР Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді: 2005-2024 жылдар аралығында инвестиция көлемі $26,4 млрд-ты құрады.

Премьер-министр ҚХР Төрағасының таяуда Қазақстанға жасаған сапары ынтымақтастыққа елеулі серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық форумының маңыздылығы атап өтілді. Форум аясында Қазақстан мен Қытай арасында жалпы құны $24 млрд-ты құрайтын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.

«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік инвестиция тарту міндетін қойды. Осы тұрғыда жетекші экономикалық державалардың бірі және біздің негізгі инвестициялық серіктесіміз Қытай елімен толыққанды кооперацияны одан әрі тереңдету – Қазақстанның аса маңызды басымдығы. Сондықтан инвестициялар көлемін арттыру, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, әсіресе шикізаттық емес әрі экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіру бойынша жүйелі шаралар қажет. Мемлекет басшысының шақыруы бойынша ҚХР Төрағасының Қазақстанға жақында жасаған кезекті сапары  екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін дәлелдеп, одан әрі нығайта түсті», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр жаңа жобалары жоқ өңірлерде, оның ішінде Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтты Олжас Бектенов аталған өңір басшылығына қысқа мерзімде серіктестермен өзара іс-қимыл орнатуды және нақты бастамалар ұсынуды тапсырды.

Ұзақмерзімді серіктестік орнату және инвестиция тарту мақсатында аймақтық делегациялардың Қытай провинцияларына сапарларын жандандыру жөніндегі тапсырманы іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ҚХР Төрағасының сапары аясында келісімдерге қол қойып, алдын ала уағдаластықтарды қамтамасыз еткен Астана қаласындағы және Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары сияқты бірқатар өңірдегі оң динамиканы атап өтті. Қалған өңірлерге осы бағытта жұмыс істеу тапсырылды.

Сондай-ақ кеңес барысында «Орталық Азия – Қытай» форумы аясында өңірлердің қытайлық серіктестермен жасасқан жаңа келісімдерін жүзеге асыру мәселелері қаралды. Мәселен, Алматы облысында «жасыл» энергетика, логистика, АӨК және өнеркәсіп саласындағы жобаларды қоса алғанда, $6 млрд-тан астам соманы құрайтын 7 құжатқа қол қойды. Астана қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары инфрақұрылым, агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларында бастамалар ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қол қойылған келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруды, әрбір кезеңде барлық жобаны сүйемелдеуді, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік инвестициялық саясат шеңберінде іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет

Тегтер: ҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас БектеновОрталық Азия-Қытай саммиті
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский