• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

«Бауырымның кінәсі жоқ». Тараз тұрғыны сот ғимаратында өзін өртемек болды

23.02.2022
0
«Бауырымның кінәсі жоқ». Тараз тұрғыны сот ғимаратында өзін өртемек болды
546
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Жамбыл облыстық сотының ғимаратында Нұрбина Байназарова бауыры Құрман Байназаровқа қатысты облыстық сотттың төрағасына кіре алмай жүргендігін айтып, ақырғы қадам жасады. Ол төрағамен кездесу үшін үстіне жанармай құйып өзін өртемек болған.

Нурбина Байназарованың әрекеттерінен кейін сот төрағасы оны қабылдап, мәселені әділ түрде шешуге тырысатынын айтқан.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ ӨРБІДІ?

Құрман Байназаров ҚР Қылмыстық кодексінің 296 баптың 4 тармағы бойынша «аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалану мүмкін.

Нұрбина Байназарованың айтуынша, полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы қант зауыты аймағында қараусыз қалған ғимаратта Құрман Байназаровты ұстап алған. Құқық қорғау органының қызметкерлері Құрманның машинасының кілтін алып, ашып, орындықтың астына «гашиш» деген есірткі түрін салған. Оны көзбен көргендер де бар. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз адамдар автокөлікті айналып, ашып, ішіне қара түсті пакеттегі бір затты салып жатқанын көрген, бірақ ол адам Құрман емес деген.

26.02.2021 Ж. Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Құрман Байназаровты ұстап жеке тексеру жүргізеді.

 – Олар інімнің көлігін тексеріп, өздері көлігіне есірткі салып жіберген, одан кейін оны тұтқындаған. Сонымен қатар, інімді пәтерде 1,5 күн ұстап, азаптаған. Бұл іс бойынша сот 2021 жылдың мамыр айынан бастап әлі күнге дейін жалғасып келеді. 10 ай ішінде 31 сот үкімі шықты. Әдетте мұндай істер 1-2 ай ішінде қаралады. Менің інім кінәсіз болса да тергеу изоляторында бір жылдан бері отыр. Ұзақ сот процесінің себебі – судья сотқа дейінгі тергеу органдарына менің інімді қандай да бір жолмен түрмеге жабуға көмектесіп жатыр.

Іс жүзінде есірткіні полицияның өзі көлікке тастады. Бұл өздерінің бейнебакылауына және көлік жанында орналасқан «Қамқор» медициналық орталығының камерасына түсіп қалған. Біз оны сотта дәлел ретінде көрсеттік. Сонымен қатар, сотта тікелей куәгерлер болды, олар полиция менің інімнің көлігінің жанында болғанын және қара пакетпен қандай да бір зат тастағанын көрген. Бейнематериалдар менің інімнің кінәсіз екенін дәлелдеді, бірақ олар бұған назар аудармай отыр, – дейді сотталушының туысы.

Сот процесінің ортасында Құрман Байназаровты ұстағандарға қатысты іс қозғалған. Бірақ іс үш айдан кейін қылмыстық құрамы жеткіліксіз болған соң тоқтатылған.

– Осыдан кейін ішкі тергеу жұмыстары жүргізілді. Жеке қауіпсіздік қызметінің қорытындысына сәйкес, Құрман Байназаровты заңсыз бостандығын шектеп, бас бостандығынан айырғаны үшін полиция қызметкерлері Руслан Хачканатов, Жалғас Әлішев, Таубеков Нұрсұлтан, Тастан Нұрбол тәртіптік жауапкершілікке қатаң сөгіс түрінде тартылды. Осыдан кейін Аюпов Дарын мен Махамбетов Мұхит тартылды. Ал заң бойынша оларға сөгіс жарияламау керек еді, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуы керек еді. Інімнің заңсыз отырғанын ескере отырып, халықтан көмек сұраймын. Іс материалдарымен жеке таныстыруға дайынмын, – дейді Нұрбина Байназарова.

Сот төрағасымен кездесуін сұранған Нұрбина Байназарова ашуға булығып, өз өзіне жанармай құйып, өрт қоятын кезде, журналистер өлімнен арашалап Байназарованың қолынан оттықты жұлып алған.

Сот төрағасы Ербол Ахметжанов бірінші қабатқа түсіп, Нұрбина мен Лаура Байназароваларды, Құрман Байназаровтың адвокаты Ескендір Пірмағамбетовты қабылдады. Қабылдауында сот төрағасы сотқа қысым көрсетпеу керектігін, өзін-өзі өртегеннен еш пайда болмайтындығын, бірінші сатылы сот инстанциясының шешімімен келіспеген жағдайда апеляциялық шағым арқылы сот үкімін өзгертуге болатындығын айтты.

Orda.kz аталған сот ісіне қатысты процестерді назарда ұстайтын болады.

Исламбек Дастан, Жамбыл облысы

Тегтер: АХМЕТЖАНОВ ЕРБОЛБАЙНАЗАРОВНУРБИНА БАЙНАЗАРОВА
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

27.06.2025
«Қорғас» кеден бекетінде пара беру әрекеті тоқтатылды

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

27.06.2025
Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

27.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

27.06.2025
БАӘ Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

27.06.2025
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?

АЭС құрылысы қашан аяқталады?

27.06.2025
Ана тілі – ең басты байлығымыз

Ана тілі – ең басты байлығымыз

27.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты