• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

БАСПАНАЛЫ БОЛУ-БАСТЫ АРМАН

28.10.2019
0
БАСПАНАЛЫ БОЛУ-БАСТЫ АРМАН

Mieszkanie dla Młodych

373
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бес әлеуметтік бастаманың әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатындағы маңызы зор. Осы орайда, әлеуметтік бастаманың бірінші бастамасы “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” бойынша тұрғын үй инспекциясының басшысы Ғазиз Ералиевпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
— Ғазиз Нұрланұлы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек 1-ші және 5-ші қабаттардан ғана үй беріледі де 2,3,4 ші қабаттардан үй неге берілмейді?
-Бізде үйлер кредит негізінде соғылғандықтан, бірінші кредитте тұрғын үй жинақ банкі салынушылар арасында сатылымға түсті. Сол тұрғын үй жинақ банкі клиенттері өздеріне ұнаған қабаттардан, одан бөлек кең бөлмелі үйлерді сатып алды. 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы 19 қарашада арнайы жұмыс орны болып табылатын Қойгелді көшесі 173 ші мекен-жайда фронт офис орналасқан. Ол жерде күнделікті банк қызметкерімен, біздің қызметкерлер отыр. Күнделікті келген азаматтарға толық ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп отыр. Банк қызметкерлері азаматтардың төлемдерін қарап, сол жерде есептеп беріп отырады. Егер төлем қабілеттігі толық расталған жағдайда азаматтар өздері барып, қалған пәтерлерді көріп, ұнағанын таңдайды. Шындығында, көпшілік пәтерлер 1-ші және 5-ші қабаттанр ғана қалған. Бастапқыда 2,3,4 қабаттағы үйлер болды. Бірақ барлығы сатылып кетті. Қазір бізде нақты 180 пәтер сатылымға кетіп отыр. 15 мөлтек ауданда 115 пәтер толығымен саттық. Бүгінде құрылыс басқармасы тұрғын үй сертификатын бөлу механизімін қарастыруда. Сонымен қатар биыл елімізде тұрғын үй жинақ банкі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2 пайызы жеңілдікпен үстемақысы, оның бастапқы жарнасы 10 пайыз және қайтарым мерзімі 19 жылға ес “Бақытты отбасы” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол жерде тек қана тұрғын үй кезегінде тұрған 3 санат бойынша берілген болатын. Оның ішінде ең бірінші көп балалы отбасылар, екінші толық емес отбасылар және мүгедек асыраушысы бар отбасыларға бағдарлама қатысуға болатын. Біз маусым, тамыз айларында 950 отбасына жолдама бердік. Банк өкілдері оның төлем қабілеттілігін есептеп растады.
— Біз зерделей келе тұрғын үй жинақ банкі бойынша жинаған адаммен “7-20-25” бағдарламасымен тұрғын үй жинақ банкі арқылы жинаған адамдар бірінші алып кетіп жатқанына көз жеткіздік. Енді аталған бағдарламамен үй алатын азаматтардың құқықтарын көтеру үшін не істесек болады?
— Бұл жерде жоспар бойынша өздеріңізге мәлім 30 тамыз күні 15 мөлтек ауданында 9 кредиттік үй берілді. Пәтердің бөлінуі тұрғын үй жинақ банкіне қарастырылып отыр. Жоспар бойынша 70 пайызын тұрғын үй жинақ банкіне берілген болса, қалған 30 пайызы аталған бағдарлама бойынша қарастырылған. Оның ішінде 1,2,3,4,5 қабаттағы пәтерлерде берілетін болады.
— Халық 7-20-25 бағдарламасын әлі түсіне алмай жатқан секілді. Мүмкін барлық мәселе осыған тіреліп тұрған шығар. 180 пәтердің өтпей тұрғандығы жайлы не айтасыз?
— Ол өтпей тұрған пәтерлерді халықтың төлем қабілеттілігінің расталмай отырғандығымен байланыстырсақ болады. Өйткені бүгінгі күнде әр отбасының атында 2,3 несие бар. Тіпті араларында мүлде төленбегендері де кездеседі. Банк кешіреді деп төлемей қойған азаматтар да баршылық. Кредиттің тарихын зерттей келе басты мәселе осында екендігіне көз жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, қарыз- қадам бастырмайды. Ниет білдіруші азаматтардың алатын айлығы 7-20-25 бойынша 100 мыңнан кем болмауы керек. Егер оның табыс көзі жетпей жатса, ол өзінің гарант кепілдік ретінде өзінің туысқан, ағайынын тарта алады. Бірақ бұл жерде басты мәселе ешкімнің 25 жыл бойы гарант болғысы келмейтіндігінде. Осыдан бөлек бізде қазір 1-2 бөлмелі пәтерлер қалып отыр. Оның ішінде, мысалы 3,4 бөлмелі іздеп отырған азаматтар бар. Көбісі пәтердің шаршы метрі тар дейді.
— Жалпы пәтерлердің сапасы қалай?
– Сапасына келетін болсақ, бұл жерде тапсырыс беруші Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі. Толыққанды құрылыс басынан аяғына дейін авторлық, техникалық қадағалаумен толық жүргізілуде. Егерде пайдалану барысында дұрыс пайдаланбаса, үйден ақаулар анықталған жағдайда әр үйді соққан мердігерге 3 жыл кепілдік мерзімі беріледі. Осы мерзімде арыз-шағымдар түскен жағдайда мердігер үйді тегін қалпына келтіріп, кемшіліктерді жояды.
— 7-20-25 бағдарламасы бойынша пәтерді алмаймын деп кері қайтарғандар бар ма?
— Жоқ, ондай жағдай кездеспеді.
— Халықтың, оның ішінде жастардың тұрғын үйге қол жеткізуіне үлкен себепші болып отырған осы 7-20-25 бағдарламасы. Алдағы уақытта облыс әкімдігінің дайындап жатқан пилоттық жобасы бар. Сол жөнінде айта кетсеңіз.
— Бұл тұрғыда өңірде жатақхана соғылып жатыр. Мысалы, “Бақытты отбасы” болсын осы 3 санаттағы азаматтың 10% бастапқы жарна төлеуге шамасы жетпеген азаматтарға, егерде олар жаңадан салынған үйлердің бастапқы құрылыстан пәтер алған жағдайда сол 10% дың 99%-ы жергілікті бюджеттен төлеуге сертификат беріледі. Бағдарлама әкімшілігі бұл жерде құрылыс басқармасы болып анықталды. Мәселен, алып отырған пәтер 10 млн. теңге болса сол пәтерді алушының отбасы 1 млн. теңге бастапқы жарнасын төлеу қажет. Егер көп балалы немесе толық емес отбасы мүгедек асыраушысы бар отбасы құрылыс басқармасына өтініш жазса 990 мың теңгесін жергілікті бюджеттен құрылыс басқармасы сертификат береді.
— Сол сертификатты алу үшін бірінші ол банкке бару қажет пе?
— Банкте төлем қабілеттілігі расталып, мақұлдануы керек. 15 мөлтек ауданында 180 пәтер қалып отыр. Одан бөлек Арай 2 алқабында 44 тұрғын үй қалып тұр. “Бақытты отбасы” бағдарламасы тек тұрғын үй жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады. Екінші деңгейдегі 6 банк ол тек 7-20-25 бағдарламасы аясында ғана несие рәсімдейді. Бұл жерде 7-20-25 бағдарламасына қатысушы азамат осы мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегіне мұқтаж адам ретінде тұрса 11 санаты бар 10% -дың, 99%-ын сертификат кредит ретінде беріледі.
— Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша пәтерді өздері таңдайды ма, әлде сіздер ұсынғанды таңдайды ма?
– Банк оларға 3 ай мерзім береді. Бірінші жаңадан соғылған үйден таңдауға мүмкіндік беріледі. Мысалы, нарықта тұрған шағын ауданның ішінен таңдаса онда ол 10% өз қалтасынан төлейді. Сөйтіп таңдаған үйін, жер үй болсын көп пәтерлі үй болсын өзі таңдауға мүмкіндігі бар. Әр азамат өзі шешім қабылдайды.
— Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Исламбек Дастан

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты