Бамбуктың жанұялық бизнесі қандай?
Мұрат Үмбеталиевтың ата-анасы 90–шы жылдардан бастап саудамен айналысқан деседі мыс. Оларға екі ұлы Мұрат пен Қуат та көмек беріп, ортақ іске атсалысатын. Бүгінгі таңда Үмбеталиевтер отбасы Шу теміржол вокзалының маңындағы бірнеше сауда нүктелерінің иелері.
Мәселен, «Оазис» элиталы қонақ үйлер кешені
«Халық» сауда орталықтары
«Гранд» кафесі
«Рублевка» моншасы
Мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы бой көтерген «Інжу» балабақшасы. Иесі: Қуат Үмбеталиев (Мұраттың туған бауыры)
Айта кетерлігі, 10-шы тамыз күні Тараздағы мейрамханалардың бірінде М.Үмбеталиев, Е.Бектұрғанов, М.Жетпісбаев ішімдікке сылқия тойып алып пышақтасқан. Үмбеталиевтің қолынан жеңіл жараланған Криминалдық полиция бастығы Е.Бектұрғанов қызметінен қуылып, қазір тергеу абақтысында отыр. Ал оңбай жараланған Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы М.Жетпісбаев әлі ауруханада.
Фото автордікі.
TURANINFO.KZ