Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін Ресей Федерациясы Кемерова қаласы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған апаттан алдын алу үшін Тараз қаласындағы «Мирас» балабақшасында (Жансая мөлтек ауданында орналасқан) тексеру жүргізілді. Тексеруге Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Қайрат Ақмырзаев, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері Бауыржан Мөрбеков пен Исламбек Дастан қатысты.
— «Өрт сөндіру ұнтақтары орнатылмаған, кілемдер еденге тіркелу керек, қауіпсіздікбеліглері орнатылмаған, жол бойында жанғыш материалдар төселген, бірақ олар жолда болмау керек. Өрт сөндіру крандары дұрыс орнатылмаған» — деп мәлімдеді Қайрат Оразбаев.
Орын алған келеңсіздіктер туралы «Мирас» балабақшасының директоры Гуля Умарова пікірін білдірді:
— «Өрт сөндіру ұнтақтарын алу бойынша жеке кәсіпкермен келісімшартымыз бар. Бірақ ол компания бізге әлі қажетті ұнтақтарды әкелмеді. Өрт сөндіру крандары мен гидранттарының сөндіру аумағына жетеді. «Зимняя вишнядағы» орын алған апаттан кейін бізде өрт қауіпсіздігін сақтауға жұмыс жүргізудеміз.
Айта кетерлігі, балабақша 2017 жылдың тамыз айында ашылған. Бірақ өрт қауіпсіздігін сақтамаудың толық көрінісін көріп отырмыз және мемлекеттік жеке әріптестік негізінде ашылған балабақшаның сыйқы осындай. Бұл жұмыс бұнымен тоқтамай ары қарай өз жалғасын таппақ.
TURANINFO.KZ