Бүгін Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау қызметкерлері мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері «Айнелёк» бала-бақшасында төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Мұндағы басты мақсат өміріміздің жалғасы болып табылатын бүлдіршіндерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғау және балабақша қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге баулу болып табылады. ТЖ мамандары аталған шара барысында балабақша тұлғаларына өрт немесе ТЖ кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Алғашында ғимарат ішіндегі тәрибеленушілер балаларды қауіпсіз орынға көшіру дағдыларын көрсетті.
Өрт сөндірушілер арнайы өрт сөндіру автокөлігімен келіп, балаларды қодарынан жетектеп, оларды өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырып, өрт сөндіру жеңдерін қолдануды және жинауды көрсетті. Ал балалар өз кезегінде от жауынгерлерінің жауынгерлік дулығаларын киіп көрді.
Сондай-ақ, аталған шара барысында балаларға түрлі-түсті суреттермен бейнеленген, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережесі қамтылған жаднамалар таратылды.. Шара соңында Тараз қаласы ТЖБ маманы өрт сөндіргішті қалай пайдалану қажеттігін тәжірибелік тұрғыдан көрсетті.
Өткізілген іс-шараның өте қызықты болғандығын балалардың риясыз күлкісінен байқауға болады.