Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік бергені анықталды.
Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді.
29.04.2024 жылы аудандық соттың үкімімен жергілікті атқарушы органның бас маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазіргі уақытта енгізілген қадағалау актісі бойынша заңсыз берілген жер телімдері толығымен мемлекетке қайтарылды.
Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі