2022 жылғы 6 маусымнан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданының маныңдағы шалғай таулы жерде 2021 жылғы тамызда » Оңтүстік » өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлiмiнiң техникалық және оған iргелес аумағында төтенше оқиғадан кейін жиналған оқ — дәрiлер фрагменттерінің бақыланатын жарылыстары қайта басталады .
Жарылыстар жер таулы , шөлдi , елді мекендерден қауiпсiз қашықтықта орналаскан аймақта жүргiзiледi : Тараздан шығысқа қарай 20 км және 28349 әскери бөлімінің аумағынан 10-12 км қашықтықта орналасқан аймақта.
Барлық параметрлер бойынша бұл аумақ бақыланатын жарылыстарды жүргізуде халықтың қауіпсіздігі , оқ — дәрілердің фрагменттерін тасымалдауды және жоюлы жүзеге асыратын инженерлік — саперлік бөлімшелердiң жеке құрамының қауіпсіздігі үшін ен қолайлы орын болып табылады .
Бұл аумақ Жамбыл облысының әкiмдiгiмен қарастырылған , ешкiмнiң жеке меншiгi болып табылмайды .
Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде аталған алаң әскери полиция қызметкерлерi мен Жамбыл облысы Байзақ ауданының ПБ — мен бiрлесiп қоршаланатын болады .
Жақын маңдағы елдi мекендердiң тұрғындарын Байзақ ауданының әкiмдiгi жуырда оқ- дәрiлер фрагменттерiнiң бақыланатын жарылыстарын өткiзу туралы хабардар еттi , оны өз кезегінде Жамбыл облысының әкiмдiгi » Оңтүстiк » өңiрлiк қолбасшылығы арқылы хабардар етті .
Жарылыс жұмыстары күн сайын 6 маусым мен 25 қараша аралығында дуйсенбіден — жұмаға дейiн күніне екі рет , сагат 9.00 — ден 18.00 — ге дейiнгi уакыт аралығында жүзеге асады .
Жарылыстың дыбыс жəне сейсмикалық ықтимал әсерiн төмендету мақсатында оқ — дәрiлердiң фрагменттерiн жою аз мөлшерде жүргiзiлетiн болады .
Сондай — ақ , әскери бөлiмнiң техниқалык аумағында оқ — дәрiлердiң ұшып кеткен фрагменттерінен тазарту жұмыстары жалғасуда . Бұл жұмыс қоймалардың , ашық алаңдарының iшiндегi жарылыс каупi бар заттарды талдауды және тазартуды қамтиды .
Жарғыштарды жою жерге терең қазылган арнайы пештерде жүргiзiледi . Бұл әдіс әскери қызметкерлер мен халық үшiн кауiпсiз .
Сондай — ақ, техниқалық аумақта хабар — ошарсыз кеткен кiшi сержант Бауыржан Дәуітбаевты iздестiру жұмыстары жалғасуда . Әскери бөлімнен тыс жерде Б.Дәуітбаевты iздестiру жұмыстарын жергiлiктi полиция өкiлдерi жалғастыруда.
Жоғалған кіші сержант Дауітбаев Бауыржан бойынша, қазіргі таңда жарылған қоймалардың үйінділерін електен өткізу арқылы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бірақта іздеу жұмыстары нәтижесін бермей жатыр. Негізі басқа қаза тапқан адамдардың кішкентай заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің құжаты, біреудің көз әйнегі шығады іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Тапқанымызша іздейміз -деді №28349 әскери бөлімінің басшысы подполковник Еркін Нүсіпұлы.
ҚР КМ Медиа — орталығы Тараз гарнизонының баспасөз қызметі