Байзақ ауданында «Ұлы Дала қазынасы» партиялық бағыты аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті
«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылында орналасқан Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде «Ұлы Дала қазынасы» партиялық бағыты аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Жарыстары қазақтың ұлтық ойындары бойынша өтті. Атап айтқанда: көкпар, асық ату, арқан тарту және қазақ күресі.
Байзақ ауылындағы көкпар ойынына ауданнан 5 команда келіп қатысты. Кеңес ауылы, Жетібай ауылы, Ақшолақ ауылы, Үлгілі ауылы және Байзақ ауылынан келген командалар. Көкпарды Байзақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразалы Бозай ашты.
— Бұл жарыстар аудандағы жастарды ұлттық спорт ойындарын насихаттау, сол арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатыр,-деді ол.
Келесі сөзді партия мүшесі, аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров алып, «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында осы мәселеге көп мән берiлгенін тілге тиек етті. Өйткені, мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың бір бөлшегі болып табылатын ұлттық спорт мәселесін көтере отырып, Қазақстан халқының ауызбіршілігін нығайтамыз», деп сөзін түйіндеді ол.
Көкпар соңында Кеңес ауылы жеңіске жетіп бағалы жүлделермен марапатталды. Келесі айналымнын ойыны 14 қазан күні өткізілетіндігі айтылды.
Аталмыш сайыста барлық ойын түрлерінен Жетібай ауылы 1 орынды иеленсе, ал Кеңес ауылы 2 орын, Ақшолақ ауылысы 3 орынға қанағаттанды. Өзге де белсенді қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.