Әуелі шаһар басшысы ықшамаудандағы электр желілерін кеңейту жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда мұнда аталғанжұмыстардың екінші кезеңі басталған. Айталық, ықшамауданда қосымша электр станциясының құрылысыжүргізілуде.
– «Ұлы дала» ықшамауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер саны артып келеді. Соған байланысты электрқуатына деген тәуелділік те молайып отыр. Сондықтан бұлқұрылыстың сапалы әрі уақытында аяқталуы біз үшінмаңызды, – деді қала әкімі.
Осы орайда айта кетерлігі, қосымша электр станцияларыықшамауданда жуырда пайдалануға берілетін 34 тұрғын үймен 4 мектепті және өзге де нысандарды жарықпентолығымен қамтамасыз етеді.
Келесі кезекте шаһар басшысы ықшамаудандағы кәрізжүйелерінің мәселелеріне қанықты. Қалдық суларытөгілетін құдық қоршалмаған әрі беті жабылмағандықтантұрғындардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Оның тағы бірсебебі – кәріз қақпақтарының ұрлануының жиілеуі. Бұлтұрғыда шаһар басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін ескереотырып, түйткілдің түйінін тез арада табу керектігін баса тапсырды.