14 сәуір күні Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт сарайында Бүкіләлемдік бокс сериясының 3 дүркін чемпиондары Қазақстандық «Astana Arlans» бокс клубына қарсы Қытай елінің «China Dragons» бокс клубы қарсылас атанбақ. Кездесу алдында арландардың бас менеджері Бақтияр Артаев «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігінің сұрақтарына жауап берді.
— Бақтияр Ғарифоллаұлы, 14 сәуір күні кімдер шаршы алаңға шығады?
— Арландардан 52 келіде Сакен Бибосыновқа қарсы Гуо Жанг, 60 келіде Әлімжан Бескемпірге қарсы Фенг Ву Ю, 69 келіде Тараздық Асланбек Шымбергеновке қарсы 24 жасар Таксимаймайти Хайшаер, 81 келі де Бек Нұрмағамбетке қарсы Гегарибу Женг, 91 келіден жоғары салмақта Жамбылдық Нұрсұлтан Аманжоловқа қарсы Эвандерс Сервютс қарсылас аттанбақ. Ал 13 сәуір күні сағат 12.00-де «Баласағұн» мәдениет сарайында салмақ өлшеу рәсімі өтпек. Барлықтарынызды бокс кешіне шақырамын.
— 14 сәуір күні бокстан кейін аралас жекпе-жектен «боилар» өтеді. Сіз келгеннен кейін жаңашылдық па? Әлде басқа да мақсаттар бар ма?
— Бұл енді дәстүрге айналмақ. Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту жолындамыз және кәсіпқой спорт түрлеріне қызығушылық артуда. Бокс кештеріне басқа да спорт түрлерін қосу жоспарымызда бар. Қазіргі таңда кәсіпқой бокстен кейін ережесіз жекпе-жектер өтетін болады.
— Арландардың қатарында Ұлттық құраманың бірінші номерлерін көре аламыз ба?
— Иә, әрине. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан бокс федерациясымен меморандум жасасып қойғанбыз. Сол үшін де ұлттық құраманың боксшылары біздің клубка көмектесетін болады.
— Бүкіләлемдік бокс сериясының биыл тағы да жеңе аламыз ба?
— Құдай қаласа, Бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы болуға мүмкіндік бар. Сондықтан да 4 дүркін чемпион болуға еңбек етеміз.
— Рахмет.