Прокуратураның тексеруімен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зият Тұрсынұлы және «Kaz in Capital» ЖШС-нің басшысы Ельнар Шлеевке қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу барысында 24 млн.теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталып ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
Тергеп тексеру барысында Зият Тұрсынұлы және Ельнар Шлеевпен жарықтандыру, бейнекамерамен жабдықтау жұмыстарын жүргізу барысында 91 млн.теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі қосымша анықталды. Жалпы мемлекетке келтірілген шығын 115 млн.теңгені құраған.
Тараз қалалық №2 сотының 28.07.2023 жылғы үкімімен бөлім басшысы З.Тұрсынұлы және Е.Шлеев ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.