Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай-ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы.
Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес құндылық, олардың көптеген жетістіктері – жастарға үлгі. Белсенді ұзақ өмір сүру жобалары қазақстандық қарттардың елдің қоғамдық өміріне барынша ұзақ уақыт қатысуына септігін тигізеді, олардың өмірін қызықты етеді.
Ең бастысы – қарияларға көңіл бөлу, балалар мен немерелердің, туған-туыстар мен жақындардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы. Қарттарымыз аман жүрсін!