• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ажар Ғиният: Пандемиядан кейін ел медицинасы толықтай өзгерді

12.07.2022
0
Ажар Ғиният: Пандемиядан кейін ел медицинасы толықтай өзгерді
118
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Біраз уақыт басшысыз қалған Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа басшы тағайындалғалы да жарты жылдан астам уақыт өтті.

Бүгінгі таңда елдегі денсаулық сақтау жүйесінің халі нешік? Салада қандай нақты істер атқарылыр жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа бірнеше сауал жолдаған едік.

— Биыл «Балалар жылы» болып жарияланғандықтан балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінетіндігін айтқан едіңіз. Нақты қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

— Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын дамыту, балаларға онкогематологиялық көмек көрсету қызметін жетілдіру, неонаталдық хирургияны дамыту, кадр даярлау, балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қолға алды. Осы мақсатта балаларға медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған пренаталдық скринингті жүргізу, пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін өткізу стандарты әзірленді. Ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маман оқытылды. Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты дайындалды. 49 тұқым қуалайтын ауруды анықтау үшін жаңа туған  нәрестелерге селективті скрининг жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды. Есту жүйесінің зақымдануының нақты орнын анықтау үшін аудиологиялық скринингті жүргізу тәсілі жаңа қысқа латенттелген есту потенциалдары әдісімен толықтырылды.

Балалардың орфандық және басқа да ауыр ауруларын емдеу үшін дәрілік заттар мен еліміздегі ұлттық формуляр тізбесіне қосымша 17 дәрі-дәрмек енгізіліп, оған 16,4 млрд теңге бөлінді. Оқушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру  стандартын әзірлеу жұмысы басталды. Елімізде алғаш рет «Ерте араласу» институтын енгізу жөніндегі іс-шаралар қолға алынды.

— Бұл жоба тоқтап қалған еді ғой?

— Иә, пандемияға байланысты 2 жыл бойы толық жұмыс істеген жоқ. Соған қарамастан, бүгінде жобамен 1181 мектеп қамтылды. Жұмыс нәтижесінде салауатты өмір салтын қолдауға ықпал ететін мектеп ортасына жағдай жасалады. Артық салмағы бар оқушылардың саны 2025 жылға қарай 100 мың балаға шаққанда 5%-ға яғни 90,0-ға дейін төмендейді деп болжап отырмыз.

Сонымен қатар жоғары эксперт-класының 50-ден астам ультрадыбыстық зерттеу аппаратын сатып алу жоспарда бар.

— Ел аумағында қанша аурухана, перзентхана салынады? Оған бөлінген қаражат қандай?

— «Дені сау ұлт»» ұлттық жобасында денсаулық сақтау объектілерін салу және жаңғырту, оның ішінде өңірлерде шетелдік инвесторларды тарта отырып,  халықаралық стандарттар бойынша ірі көпбейінді ауруханалар салу қарастырылған.

Министрлік 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша 8 көпбейінді аурухана салуды жоспарлап отыр, олардың құрамында перинаталдық орталықтар да болады.

— Ол ауруханалар қай өңірлерге салынатынын айта аласыз ба?

— Әзірге Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларында 5 университеттік аурухана және Көкшетау, Түркістан, Петропавл қалаларында 3 көпбейінді аурухана салынады деп жоспарланған.

— Бұл енді қолға алына ма, әлде жобалау жұмыстары басталып кетті ме?

— Қазіргі уақытта бірқатар өңір құжаттарын дайындап жатыр. Ал елордада 250 төсектік және Түркістан облысы Сарыағаш қаласында 240 төсектік перинаталдық орталықтар салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес 2022-2025 жылдары Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықтарға күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар.

Балалардың денсаулығын нығайту бойынша сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, балалар өлімін төмендету, балалар хирургиясы қызметін күшейту жоспарланып отыр. Астанада Ұлттық ғылыми ана мен бала  орталығының аумағында 350 төсектік балалар хирургиялық орталығын, Түркістан қаласында 190 төсектік облыстық балалар ауруханасының емдеу корпусын салу жоспарда бар.

— Бұл құрылыстардың қаржысы қалай шешіледі?

— Денсаулық сақтау объектілерін салу құны жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алғаннан кейін айқындалатын болады.

— Коронавирус пандемиясы кезінде жүкті әйелдер мен аналар өлімі күрт өскені белгілі. Сондай-ақ жас аналар індет жоқ кезде де Павлодар мен Атырау өңірінде көп қайтыс болатынын айтқан едіңіз. Аталған облыстырдағы бұл олқылықты жою үшін қандай нақты жұмыстар істелінді? Қазір көрсеткіш қандай?

— Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелерінің халықаралық  құжаттарда да, ұлттық құжаттарда да көрсетілгендей маңызды саяси мәні бар. Пандемия жағдайында республикада ана өлімінің көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 22,6%-ға өсті.

Ана өлімі себептерінің құрылымында экстрагениталдық аурулар 82%-ға жетсе, олардың негізгі үлесін пневмония және коронавирус инфекциясы алады. 14%-ы – жүрек-қантамыр, нерв, эндокриндік жүйе, асқазан-ішек жолдарының аурулары және онкологиялық аурулар.

Ана өлімінің өсуі 2021 жылдың жазғы және күзгі кезеңінде тіркелді, бұл жалпы ел бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбеюіне байланысты жалпы өлім жағдайларының 60%-ына тең.

Ғылыми дәлелдер мен зерттеулер COVID-19 пандемиясы әлемнің көптеген елінде үкімет пен денсаулық сақтау жүйелері үшін бұрын-соңды болмаған қиындықтар туғызғанын көрсетті. Аналар арасында «шамадан көп өлімнің» өсуі «дельта» коронавирус штамының жоғары патогендігімен, жүкті әйелдер организмінің физиологиялық ерекшеліктерімен, аурудың ауыр және жылдам ағымымен, аналардың коморбидтік жағдайымен байланысты.

Министрлік жүкті әйелдердің сырқаттануы мен өлімін азайту бойынша мониторингті жүзеге асырып, жүйелі шаралар қабылдады. Ана өлімінің әрбір жағдайына талдау жасау жұмыстары еліміздегі алты медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы мен екі республикалық орталықтың бейінді мамандарын тарта отырып жүргізілді.

Министрлік жағдайды тұрақтандыру және қабылданған шараларды бекіту, жүкті әйелдердің сырқаттанушылығы мен өлімін төмендету үшін әлі де жұмыс атқарып келеді.

2022 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендегені байқалады.

— Елімізде апат медицинасы жүйесі жолға қойылмаған. Сөзімізге «қаңтар оқиғасы» дәлел бола алады. Жалпы стандартты емес жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру үшін заңнамаға толықтырулар енгізіп, қажет болса, қашықтан медициналық  консультация беру қызметін ашу жоспарда бар ма?

— Ведомствоның тиісті бұйрығына сәйкес пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер телефон арқылы консультация береді. Кезек күттірмейтін жағдайларға: жүрек қызметі тоқтау, тыныс алу функциясының, жүрек-қантамыры жеткіліксіздігі, ересектерде, балаларда және жаңа туған нәрестелерде жоғарғы тыныс алу жолына бөгде зат түсуі, жіті коронарлық синдром, ми қан айналымының жіті бұзылуы, гипертониялық криз, гипо-гипергликемиялық жай-күй, естен тану, қан кету, құрысулар, үйде босану кіреді.

2021 жылы телефонмен осындай 379 253 консультация берілген. Ал биыл 5 ай ішінде телефон арқылы 187 468 консультация өткізілді.

Бір ескерерлік жайт, апат медицинасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне кіреді.

— Қазіргі таңда елдегі дәрі-дәрмек қорына тоқталсаңыз. Дәрінің қымбаттауымен қатар, нарықтағы бағада айырмашылық қатты сезіледі. Дәріханалардағы баға саясатын мемлекет неге өз бақылауына алмайды?

— Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті апта сайын дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларынан асу бойынша мониторинг жүргізеді.

2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы мамырға дейінгі кезеңде белгіленген шекті бағалардан асып кету бойынша 6 факті анықталып, 907 525 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жүргізіліп отырған мониторингке сәйкес республикада дене қызуын төмендететін, вирусқа, бактерияға қарсы, антикоагулянттар, гормондық, жүрек-қантамыр аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ассортименті мен саны жеткілікті.

Бүгінгі күні теңге курсының құбылмалылығына байланысты дәрілік заттар бағасының өсуі байқалады. Алайда шекті бағадан аспауы қадағаланады. Асып кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

— 2014 жылғы құрылысы басталған Атыраудағы фармацевтика зауытының тағдыры не болды? 4 млрд теңгеге жуық қаржы құйылған зауыт кейін тағы 3 млрд теңгеге мұқтаж екендігі айтылған болатын. Зауыт құрылысы қайта жандана ма?

— «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 868 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп жөніндегі функциялар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

— Демек, енді сіздер бақылайсыздар ғой?

— Иә, бірақ, Атырау облысында 2014 жылы құрылысы басталған фармацевтикалық зауыт туралы ақпаратты алу үшін ИИДМ-ге хабарласасыз.

— «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесінің жұмысына қатысты да сын жиі айталады. Ақпараттық жүйеде азаматтар туралы мәліметтерді өзге мемлекеттік дерекқорлармен салыстыру, өзектендіретін тетіктің жоқ екендігін қор өзі де айтты. Адам денсаулығы басты назарда тұрған салада неге әлі толық пісіп-жетілмеген жүйені қабылдадық?

— Еліміздегі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтауды қаржыландыру көздерін әртараптандыру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

МӘМС жүйесін енгізгенге дейін медициналық көмекті қаржыландыру салық есебінен қамтамасыз етілді, мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне қаржыландыру көлемі 2004-2015 жылдары 6,3 есе өсті. Денсаулық сақтауды қамтамасыз ету ауыртпалығы тек мемлекетке ғана қатысты, азаматтардың денсаулық сақтауға деген тұтынушылық көзқарасы ғана болды.

Бұл ретте, мемлекеттің шығыны инфляцияның айтарлықтай өсуін қамтамасыз еткен жоқ және денсаулық сақтау жүйесінде қаражат тапшылығы орын алды. 2018 жылы оның мөлшері шамамен 386 млрд теңгеге жетті.

Осылайша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, медициналық ұйымдардың тұрақтылығына теріс әсер етті, халықтың жеке шығыны денсаулығына жұмсалатын жалпы шығынның 39%-ына дейін өсті.

Әлеуметтік сақтандыру қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау жүйесі ең алдымен, мемлекеттің белгілі бір қатысуымен бүкіл халықтың МӘМС-і болуымен сипатталады. Мұндағы мемлекет әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруда кепілгер рөлін атқарады.

Реформаны енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасында медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі қалыптасты.

— Ол қандай жүйе еді?

— Жүйенің бірінші деңгейі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Ол – медициналық-санитариялық алғашқы көмек, жедел көмек, санитариялық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

Екінші деңгей – сақтандырылған халық үшін МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек – консультациялық, диагностикалық, шұғыл және жоспарлы стационарлық көмек, аурулардың кең спектрі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын көмек, медициналық оңалту.

Үшінші деңгейде медициналық қызметтер азаматтардың қаражаты есебінен ақылы негізде, ерікті медициналық сақтандыру, адамдардың жекелеген санаттарына қосымша көмек көрсетіледі.

Осылайша, бұл жүйе халықты бастапқы және ең қажетті қызметтермен қамту мүмкіндігін береді.

— Жалпы бұл жүйе әлемдік тәжірибеде бар ма? Бізге қайдан келді?

— Бүгінгі таңда әлемде әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтауды қаржыландырудың ең көп таралған әдісіне айналды. МӘМС Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 35 елдің 19-ында енгізілді. Бұл ретте, басқарылуы мемлекеттің бақылауында болатын елдерде бірыңғай сақтандыру қорын құрудың айқын үрдісі байқалады.

Бірақ Қазақстандағы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жекелеген елдерде қолданылатын сақтандырудың жеке түрінен ерекшеленеді.

— Жаңа бір сөзіңізде, МӘМС болмаған кезде денсаулық сақтау саласының шығыны көбейді дедіңіз. Ал МӘМС соны ақтай алды ма?

— МӘМС жүйесін енгізген соң саланы қаржыландыру көлемі ұлғайды. Сол арқылы 2019 жылмен салыстырғанда консультациялық-диагностикалық қызметтер 5 есеге ұлғайды. Медициналық оңалту бойынша тәуліктік стационар жағдайында емделген жағдайлардың өсімі 33%-ды құрады. Күндізгі стационарларда оңалтудан өткендердің саны 2 еседен асты. Жоғары технологиялық медициналық көмек 2 есеге артты. Стационарлық көмек бойынша өсім 11%-ды құрады. Денсаулығына байланысты проблемалары бар отбасылар үшін экстракорпоралдық ұрықтандыруды 2021 жылы 7,7 есеге көбейді. Пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету 54,1%-ға артты.

— Республикалық медицина саласында кадр мәселесі, әсіресе, салалық мамандардың тапшылығы бар екенін айттыңыз. Оған қоса, пандемия жағдайында қашықтан оқыған студенттер бірнеше жылда бітіріп шығып, емдеушілердің қатарына қосылады. Адам денсаулығы мен өмірі үшін жауап беретін білікті мамандар даярлау мәселесін қалай шешесіздер?

— 2022 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық деректерге сәйкес денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық ведомствоны ескерсек, 267027 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде, 78227 дәрігер, 188800 орта медицина қызметкері, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында 108909 медицина қызметкері, оның ішінде 33787 дәрігер, 75122 орта медицина қызметкері бар.

Бұл дегеніңіз – 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 40,9, орташа медицина қызметкері – 98,7. Яғни біз медқызметкерлеріміздің саны бойынша Еуроодақ елдерінің көрсеткішімен теңбіз деуге болады.

Ауылдық жерлерде 67766 медицина қызметкері бар. Оның 13395-і – дәрігер, 54371-і – орташа медицина қызметкері.

Ресми статистикаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесі кадрларының тапшылығы 14700-ге жуық. Оның ішінде 7072 дәрігер (ауылда – 1 344) және ОМҚ – 7606 (ауылда – 1138).

— Қай өңірлерге дәрігерлер жетіспейтінін нақты айта аласыз ба?

— Дәрігерлердің аса тапшылығы Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында байқалып отыр.

Ал орта медициналық қызметкерлердің де ең көп жетіспейтін өңірлері де осы елордамыз. Сондай-ақ Қостанай, Алматы қалаларында және солтүстік пен шығыс өңірлерде де маман тапшы.

— Мамандық бойынша нақты қай маман иелері жетіспейді?

— Терапевт, анестезиолог-реаниматолог, жалпы практика, сәулелік диагностика дәрігерлері, инфекционист, педиатр, акушер-гинекологтарға зәруміз.

— Жоғарыдағы сұрағымды тағы нақтылайыншы. Маман тапшылығын жою мақсатында министрлік қандай да бір шара қолданып отыр ма?

— Әрине, маман жетіспеушілігін азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі білім және ғылым ұйымдарының түлектерін дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен 2021 жылы өңірлерге 4630 түлектің 3141-і бөлінді. 2021 жылғы түлектердің 97%-ы жұмысқа орналасты.

Кадр тапшылығын шешу аясында министрлік әкімдіктермен бірлесіп сұранысқа ие медициналық кадрларды мақсатты даярлауға арналған әкімдер гранттарының санын ұлғайту, жергілікті бюджет аясында қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету шығынын жоспарлау (жалға беруді қоса алғанда, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу, коммуналдық шығыстарды төлеу/қоса төлеу және басқалар), өңірлерде білім және ғылым ұйымдарының филиалдарын ашу мәселелерін пысықтады. Бүгінгі таңда Павлодар, Атырау, Ақтау, Қызылорда қалаларында «Семей қаласының медицина университеті» КеАҚ филиалдары ашылды.

— Әлеуметтік желілерді қарасаңыз, ауыр сырқатқа шалдыққан балалар мен науқастардың еміне деп шетелге емге баруға ақша жинайтындардан көз сүрінеді. Олардың ішінде алаяқтар да бар. Қандай да бір мониторинг жүргізіп, олармен ведомство күреспей ме?

— Ауыр сырқатқа шалдыққан балалар мен науқастардың еміне деп шетелге емге баруға ақша жинайтындар бойынша және оның арасында алаяқтар туралы ақпарат жинау біздің ведомствоның құзыретінде жоқ.

— Пандемиядан сабақ ала алдық па? Қазақстанның медицина саласында қаншалықты алға жылжу, серпіліс болады?

— Пандемиядан кейін Қазақстанның медицинасы өзгерістерге ұшырады.

— Мысалы қандай? 

— Ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты және биологиялық қауіп- қатерге жедел жауап беру, еліміздің ішінде вакциналарды, медициналық бұйымдарды өндіру, халықаралық тәжірибені, эпидемиологиялық ахуалды есепке ала отырып алдын алу, емдеу, шектеу шараларын енгізу тәсілдерін жетілдіру және кадр даярлау, оларды оқыту мен жұмылдыру, сонымен қатар объектілерді қайта бейімдеу, ақпараттық жүйелер мен өнімдерді кеңінен пайдалану жолға қойылды.

— Өзіңіз министр болып тағайындалғалы өз еңбегіңізге қандай баға берер едіңіз?

— Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді және Үкімет қарауына жіберілді.

Ауылдық жерлерде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту барысында жұмыс жасалып жатыр. Мәселен, 2022 жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің қолданыстағы мемлекеттік нормативін қайта қарау, ауылда 80 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын құру жоспарланған. Ауданаралық және аудандық ауруханаларды жаңғырту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты МӘМС жүйесіне тіркеу, ауыл тұрғындары үшін медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін құру қарастырылған.

Тағы да айта кететін жайт, өткен жылдармен салыстырғанда ана мен  бала өлімі көрсеткіші төмендеуі байқалады.

Сонымен қоса, жедел медициналық көмек қызметінің автокөлік паркі күшейтілді, бүгінде оның саны 2521-ге жетті.

Үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың саны 3 мың 683-ке жетті, оның 49%-ы ауылда. Жедел медициналық жәрдем бригадаларының шақырулар саны 2021 жылы 19,6%-ға қысқарды.

2021 жылы медициналық авиация 2500-ден астам санитариялық авиация ұшырылымын жүзеге асырды.

Министрлік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстарды жалғасуда.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы 112,2 млрд теңгеге жеткізілім жүзеге асырылды.

Дәрігер мен орта медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту жүргізіліп жатыр. Дәрігердің орташа жалақысын 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерінің жалақысын 249 мың теңгеге дейін өсіру жоспарланған.

-Әңгімеңізге рахмет!

Дереккөз- baq.kz : https://baq.kz/azhar-giniyat-pandemiyadan-keyin-el-meditsinasy-tolyqtay-ozgerdi-282887/

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты