Дәл осы ниетте жаңа жыл қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей қайырымдылық жасады. Бұл күні олар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасына арнайы барып, ондағы кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері қажетті азық-түліктен бөлек өзге де сыйлықтар тарту етті. Айта кетейік, аталған отбасында мектеп жаасындағы 8 бала тәрбиеленуде.