“Қазфосфат” ЖШС Сарысу аумағында филиалында 1964 ж.т. Жаңатас қаласының тұрғыны жұмыс орнында қайтыс болды.
Орын алған жәйт бойынша Сарысу аудандық полиция бөліміне барып, болған жәйттарды білуге барып пікірлерін білдік.
“Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек жұлдызында Сарысу аумағында “Қазфосфат” тау кен өндіріс зауытына тиесіл орталық байыту фабрикасын кептіру ұсақтау корпусы ғимаратының төбесінің плитасы фосфор ұнтағымен бірге опырылып, нәтижесінде 1 адам қаза тауып, үш адам әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға қаралған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабының үшінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Тергеу амалдары жүргізілуде.Дене жарақатын алған тұлғалар және қайтыс болған мәйітіне сот медициналық сараптама тағайындалып және плиталардың опырылу себебін анықтау үшін сот құрылыс сараптамасы тағайындалды. Қайтыс болған 1964 ж.т. Жаңатас қаласының тұрғыны” деп пікір білдірді Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары Бейбіт Күзенбаев.
Осы жылы “Қазфосфаттың” Сарысудағы бөліміндегі екінші оқиға. Алдында екі адам қаза тапқан болатын.