«Қазақстанның үздік тауары -2017» өңірлік көрме-байқауы
23 маусым 2017 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары -2017» өңірлік көрме-байқауы және отандық тауарөндірушілердің өнімдері қойылған «Жамбыл өнімдері» көрме-жәрмеңкесі өтті.
Байқау мақсаты – кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту, нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру.
Байқау «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өткізіледі. Бүгінде Жамбыл облысының 104 кәсіпорны байқауға қатысуға өтініш білдірді.
Байқауға қатысушы кәсіпорындар өнімін бағалайтын сарапшы топ құрамында Жамбыл облысы кәсіпркерлер палатасының, «НаЦЭкС» АҚ ЖФ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі, «Нұр Отан» ХДП мамандары шағын және орта бизнес жұмысшыларының облыстық комитет кәсіподағы бар.
Байқауды Жамбыл облысының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов ашты.
Бүгінде облыста шағын және орта бизнестің дамуына барлық жағдай жасалған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі байқалады. 2016 жылы өнеркәсіптік өндіріс республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болып, 339 млрд.теңгені құраған болатын. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлердің зерттемесі 8%, қайта өңдеуші өнеркәсіп 2,5%-ға артқан. Жыл қорытындысы бойынша жақсы көрсеткішге қол жеткізген кәсіпорындар назардан тыс қалмады. – Осы орайда, өңірдің шағын және орта бизнесінің дамуында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының рөлі басым. Палата мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында тең құқықтық және өзара талаптар мен бизнесті жүргізуде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою тетігін тиімді атқарады».
Байқаудың ашылу салтанатында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы сөз сөйледі. Айтуынша, «биыл алғаш рет қатысуға өтінім білдірген кәсіпкерлердің саны жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр. 104 бизнесмен – өз кәсіпорны шығарытын өнімдерді ұсынатын болады. Эксперт тобының мүшелеріне үздіктерді анықтау оңайға соқпайды, себебі тек 9 ғана қатысушы жеңімпаз атанады. Сонымен қатар, биыл қатысушы кәсіпорындардың деңгейі сапа жағынан да, заманға сай технологиялармен жабдықталуы, жаңашылдық әдістерді қолдану турасынан да бәсекеге қабілетті. Бәсеке бар жерде – сапа артады!» — Біздің, жергілікті өнімдер тек ішкі нарықты ғана қамтып қоймай, экспортқа шығу жолдарын да қарайластырып келеді. Сырт елдерден жамбылдық өнімдерге деген сұраныс артып келеді.
Кәсіпкерлер палатасымен бизнесмендер «Жамбыл облысы кәсіпкерлігінің дамуына қосқан үлесі үшін», «Өнеркәсіп өндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін», «Қолөнер және халықтық кәсіпшілік өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін», «Ұлттық салт-дәстүрлерге адалдығы үшін», «Байқаудың жас көшбасшысы», «Бизнестегі қарышты қадам» сынды аталымдар бойынша марапатталды. Дипломдардың иелерін жергілікті БАҚ-тың директорлары мен бас редакторлары табыстады.
Келген қонақтар мен қатысушылар үшін облысқа танымал дизайнер Ирина Набоконың коллекциясының ұлттық нақыштағы көйлектері сәндік көрінісі тосынсый болды. Ал, қазақи нақыштағы көйлектерді киіп, сәнін келтірген «Фабус» сән үйінің сұлулары.
Сарапшы топ қатысушы компаниялар ұсынған өнімдермен танысып болған соң, «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын анықтады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымының үздігі – «Қазфосфат» ЖШС атанса, екінші орын — «Talas investment company» ЖШС бұйырды. Ал, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС үшінші орынға ие болды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымының жеңімпазы – «Айвенго» ЖШС атанды, «күміс» «Айналайын» жеке кәсіпкерлігінің қоржынына түссе, «қола» — «Аленсия» серіктестігінде. Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында бірінші орын – «Rola-7» ЖШС, екінші – «Аулие-Ата-Феникс» ЖШС және үшінші орын — «Севиль-Мерке-Строй» ЖШС иеленді.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауы аясында Іскер әйелдер кеңесінің арасында «Жыл жаңашылдығы» атты қосымша байқау өтті. Бұл байқаудың жеңімпазы – кәсіпкер-әйел Наталья Мирошникова. «Немерешка» жеке кәсіпкерлігінің директоры Айнұр Исаева екінші орынды иеленсе, үшінші орын – кәсіпкер Вероника Довганьға бұйырды.
Байқау мен көрме жәрмеңкесіне өз өнімдерін ұсынған жалпы кәсіпкерлердің саны – 160-қа жуық болды.
Барлық қатысушылар мен қонақтар үшін көрме-байқау соңында тегін лоторея билеттері ойнатылып, жамбылдық тауарөндіруші компаниялар тарапынан сыйлықтар таратылды.
TURANINFO.KZ