Қазақстанның төрт облысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталықтары іске қосылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын күшейту мақсатында төрт облыста (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан) пилоттық Community орталықтар құрылады, деп хабарлаймыз.
Орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықтың даму моделін құруға бағытталатын болады. Орталық аясында жергілікті сарапшылар жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) бойынша кеңес (оффлайн және онлайн) береді. Яғни, жергілікті тұрғындар шешім қабылдау процесіне қатысу туралы кеңестер алуға мүмкіндік алады: жергілікті қоғамдастықтың жиынын, жиналыстарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастыққа кіру, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан 78/202 кб мекен-жайға, 87011209069, islam.bayern@gmail.com жүгіне аласыздар!