• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның 68 қаласында кәріз-тазарту құрылыстары салынып, реконструкцияланады

27.12.2022
0
Қазақстанның 68 қаласында кәріз-тазарту құрылыстары салынып, реконструкцияланады
86
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі және шағын қалаларда кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспар қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2028 жылға дейінгі кезеңде республиканың 68 қаласында кәріз-тазарту құрылыстарын салу не реконструкциялау жоспарланып отырғанын баяндады.

Бүгінгі таңда Сарыағаш, Атырау және Форт-Шевченко қалаларында үш жоба бойынша жұмыстар басталды. Келесі жылы Ақтау, Леңгір және Шымкентте тағы үш жобаны іске асыруға қаражат қарастырылған. Қалған 62 қала бойынша халықаралық қаржы ұйымдарын және республикалық бюджеттен трансферттерді тартуды көздейтін қаржыландыру тәсілдері әзірленді. Мәселен, 1 кезеңде 17 жобаны (2023-2026 жылдар), 2 кезеңде 26 жобаны (2024-2027 жылдар), 3 кезеңде 19 жобаны (2025-2028 жылдар) іске асыру жоспарланып отыр.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлер бойынша кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту жоспарлары туралы баяндады.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және оларды жаңғырту жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, әділ сынға алғанын еске салды. Атап айтқанда, жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары кешігіп жатыр.

«Бүгінде еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60%-дан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90%-дан асады. Олардың қатарында Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық және басқа да қалаларды атауға болады», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, ірі қалаларда кәріз жүйелері өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған, әбден ескіріп біткен. Сондай-ақ сарқынды сулардың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді, оларды тазарту қиындап барады.

«Бұл мәселенің маңызы өте зор. Халықтың қалыпты тұрмысына ғана емес, экологияға әсері де аса маңызды. Әрбір жобаны іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Премьер-Министр бір ай мерзімде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекіту және олардың орындалу барысы туралы Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрудың, кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын уақытылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеу мен бекітудің, сондай-ақ екі ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді және тазарту құрылыстарының қалдықтарын одан әрі өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізудің маңызын атап өтті.

«Дамыған елдерде қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Бізде де оң тәжірибе бар – Шымкентте қалдықтар электр энергиясын өндіру үшін қайта өңделеді. Осындай тәсілдерді кеңінен тарату керек», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский