Алматы – кей уақыттарда найзағай ойнайды.
Шымкент – төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы – батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус ыстық.
Солтүстік-батыс, орталық және шығыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай, күндіз 35 градус ыстық.
Батыс Қазақстан облысы – күндіз 35-37 градус ыстық. Солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі.
Маңғыстау облысы – оңтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай. Солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары, солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі.
Жамбыл облысы – солтүстік-батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай. Жел 15-20 м/с, кейде 25 м/с. Облыс бойынша төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі. Таразда күндіз найзағай, түнде және таңертең жел күшейеді.
Ақтөбе облысы – оңтүстік-шығысында найзағай. Орталығында жоғары, ал солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі. Ақтөбеде де сақталады.
Қызылорда облысы – орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с. Қызылордада түнде және таңертең найзағай, өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысы – батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі.
Қарағанды облысы – батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай. Жел 15-18 м/с. Жалпы облыс бойынша жоғары өрт қаупі.
Ұлытау облысы – түнде және күндіз найзағай. Жел түнде және таңертең 15-18 м/с. Жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі. Жезқазғанда да найзағай мен жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы – батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, күндіз бұршақ. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі. Өскеменде күндіз найзағай мен бұршақ.
Абай облысы – түнде солтүстігі мен шығысында найзағай. Жел 15-20 м/с. Көп аймағында жоғары, ал батысы мен оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі.
Солтүстік Қазақстан облысы – батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі. Петропавлда да сақталады.
Түркістан облысы – таулы аймақтарда найзағай, жел 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі. Түркістанда да сақталады.
Ақмола облысы – оңтүстігінде жоғары өрт қаупі.
Қостанай облысы – оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Жел 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі. Қостанайда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы – таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с. 10-12 маусым аралығында күндіз 35 градус ыстық сақталады. Сол күндері облыс бойынша жоғары, ал солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Талдықорғанда да дәл осындай жағдай.
Алматы облысы – оңтүстігі мен таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с. 10-12 маусымда 35 градус ыстық болады. Бұл күндері облыс бойынша жоғары, ал солтүстік пен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта да өрт қаупі жоғары.
Синоптиктер тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.