• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.09.2026, 02:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
10.08.2026, 15:34
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Жасанды  халықаралық олимпиаданың ашылуына қатысты
414
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне сенім жоғары деңгейде сақтала отырып, 85,7%-ды құрады.

Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш.
Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр.
Халықтың Мемлекет басшысына деген жоғары сенімі мемлекеттің даму бағытын жоғары деңгейде қолдауымен тығыз байланысты. Мемлекеттің даму бағытына да халықтың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр. Атап айтқанда 81,5% қазақстандық мемлекет дұрыс бағытта дамып отыр деп санайды.
Елдің даму бағытын қолдайтындардың әлеуметтік-демографиялық портреті Президентке сенім білдіретін қазақстандықтардың портретіне ұқсас.
Мысалы, 18-29 аралығындағы жастар мемлекеттің даму бағытын ең жоғары деңгейде қолдайтын топты құрайды. Олардың 85,4%-ы мемлекет дұрыс бағытта дамуда деп санаса, бұл көрсеткіш жас шамасы ұлғайған сайын төмендей түседі. Көрсеткіш төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір жоғары деңгейде сақтала отырып, жасы ең үлкен респонденттер тобында 76,9%-ды құрайды (60 жастан асқандар).
Президентке сенім білдіретіндер арасында білім деңгейі бойынша жоғары білімділер ең жоғары көрсеткішті құраса, Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп санайтындардың да ең жоғары үлесі жоғары білімді азаматтар арасында тіркеледі (86%).
Жалпы алғанда, Президентке деген сенім деңгейіне де, елдің даму бағытын қолдау деңгейіне де әсер ететін негізгі факторлар ретінде респонденттердің жас ерекшелігі мен білім деңгейі анықталып отыр. Сонымен қатар, бір қызығы, зерттеу нәтижелері Президентке деген сенім мен елдің даму бағытын қолдауға қатысты ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында елеулі айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері елдің әлеуметтік-саяси даму бағытын барынша оң бағалайтын азаматтардың әлеуметтік санатын анықтауға мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік бастамаларды одан әрі ілгерілетудің әлеуетті тірегі бола алады. Бұл санатты жас қазақстандықтар мен жоғары білімді азаматтар құрайды. Респонденттердің жынысы мен тұрғылықты жері (ауыл/қала) айтарлықтай әсер ететін фактор ретінде қарастырылмайды.
Мұндай үрдіс жастар арасында мемлекетке институционалдық сенім деңгейінің жоғары екенін, қазіргі қоғамдық-саяси күн тәртібіне көбірек қызығушылық танытатынын, сондай-ақ олардың елдің одан әрі өзгеруі мен дамуына қатысты үміттерінің жоғары екенін көрсетуі мүмкін.
Елдің қазіргі даму бағытын қолдайтын азаматтар арасында жоғары білімділердің басым болуы эмоционалды сенімнен рационалды сенімге көшуді көрсетеді. Азаматтар нақты оң өзгерістерді көріп, реформалардың нәтижелерінің өз өмірлеріне жағымды әсерін сезінгендіктен Президенттің бағытын қолдайды.
Президентке деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі мен елдің даму бағытына берілген оң бағаның үйлесуі қоғамдағы жоғары деңгейдегі консолидацияны, әлеуметтік оптимизмді және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың әлеуетін көрсетуі мүмкін.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00
Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.