• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

06.05.2021
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
158
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Азаматтық алаң» отырысында қоғам белсенділері халықтың цифрлық сауаттылығын талқыға салды.

Бұрындары Ыбырай Алтынсариннің өлеңіндегі «Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды» деген жолдарын оқып, қаншалықты өзекті мәселе екендігін тамсанған болсақ, жаһанды жайлаған пандемия расымен де цифровизация дәуірінің қақ ортасында келе жатқанымызды көрсетті. Ал алақандай ғана гаджет арқылы бар мәселені тындыруға болатын мына заманда халықтың сауаттылығы қай дәрежеде? «Азаматтық алаң» отырысында осы мәселе жан-жақты талқыға салынып, белсенділердің пікірі тыңдалды. Отырысқа төрағалық еткен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов электрондық технологиялар дамыған мына заманда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екенін айтып өтті.

         «Мессенджерде сөйлесу, онлайн төлемдер жасау, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамың қарапайым өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Қазақстандықтардың өміріне интенсивті түрде кірген цифрландыру ел экономикасының жаңа моделін қалыптастырды. Осы жаңа модель шеңберінде негізгі салалар мен бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның бүкіл өмірі цифрланып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да осы бағыттағы жұмыстарға оң ықпал етті. Бұл тұжырымдама халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, қоғам мен билік арасындағы үздіксіз байланыстың нығаюына септігін тигізеді», — деді Болат Болат Тілепов.

Отырыс барысында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов Қазақстан халқының цифрлық сауаттылығының жай-күйіне тоқталды.

      «Электрондық технологиялар дамыған бүгінгі дәуірде қоғамның барлық саласы цифровизацияның көмегімен дамып отыр. Нақты айтар болсақ, медициналық жәрдем алу, әлеуметтік көмек алу, онлайн білім де цифровизацияның көмегімен жүзеге асуда. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша еліміздің шалғай мекендеріндегі киелі жерлерді онлайн карталарға кіргізу жұмыстары барынша жүргізіліп жатыр. Осы орайда «2гис» халықаралық картографиялық компаниясымен серіктестік меморандумына отырдық. Бұдан бөлек, бүгінде еліміздегі көптеген музейлер де онлайн жүйесіне өтіп жатыр. Яғни, кез келген адам музейді үйде отырып-ақ гаджеттің көмегімен ішін аралап жүре береді. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында жарық көрген кітаптарды да оқырмандар 100kitap.kz және openU.kz порталдарына онлайн түрде оқи береді. Осы орайда Қазақстанның Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі үшін де елімізде цифровизацияны дамытып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды», – деп атап өтті Аманбек Төлепбергенов.

Цифрлық сауаттылық және интернет алаяқтық туралы IT маман, Тimur academy офлайн-онлайн оқыту орталығының негізін қалаушы Тимур Бектұр пікір білдірді.

«Халықтың цифрлық сауаттылығын қалай арттыруға болатындығы жөніндегі мәселе бүгінде қазақ қоғамында жиі айтылып жүр. Осы ретте цифрлық қауіпсіздікті қатаң қадағалауымыз керек. Қарақшылықтан қорғана алмау, сайттағы ақпараттар арасында адасып қалу мәселелері де жиі кездеседі. Еліміздегі 10 млн адам әлеуметтік желіні тұрақты пайдаланады. Шынында бізде цифрлық сауатсыздық деңгейі жоғары», – Тимур Бектұр.

Ал бүгінде белсенді қазақ жастарының басын қосып, елімізде Жайдарман ойынын ұйымдастырып жүрген Есен Елеукен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кейде мәжбүрлі түрде үйренуді талап етудің қажет екендігін айтты.

      «Кейде халықты мәжбүрлеп, цифровизацияның негізгі ережелерін үйренуді талап еткен де дұрыс шығар. Мәселен, Халыққа қызмет ету орталықтарында 30 жасқа дейінгі жастарға көмек көрсетуді доғару керек. Сонда олар онлайн қызмет алу үшін еріксіз үйренуге мәжбүр болады», — деді Есен Елеукен.

Айта кетейік, «Азаматтық алаң» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Оған қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, блогерлер, журналистер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жалпы танымал тұлғалар қатысты. «Азаматтық алаң» отырысында көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар тиісті органдарға ұсыным ретінде жіберілетін болады.

Тегтер: институтҚОҒАМрухани жаңғыру
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

21.05.2025
Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

21.05.2025
Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

21.05.2025
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

21.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
жайлы мектеп

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан аса ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

21.05.2025
 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

21.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты