Оның айтуынша, бүгінде дефектологтар, логопедтер, нейропсихологтар, әлеуметтік педагогтар және басқалары сұранысқа ие. Арнайы педагогика саласында мамандар даярлауды 17 жоғары оқу орны жүргiзедi.
«2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша бакалавриатқа 656 грант, магистратураға 150, докторантураға 13 грант бөлінді», — деді Көшербаев депутаттық сауалға берген жауабында.
Білім беру бағдарламасының тізіліміне 62 бағыт енгізілген, оның ішінде:
— «Арнайы педагогика»,
— «Аутистік спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу»,
— «Тифлопедагогика»,
— «Инклюзивті білім беру»,
— «Ерте қолдау педагогикасы»,
— «Эрго-педагогика» және басқалары.
Сондай-ақ, арнайы білім беру бойынша кәсіби стандартқа жаңа мамандықтар қосылды:
— ерте қолдау педагогы,– эрго-педагог,
— қарым-қатынасы және әлеуметтік бейімделуі бұзылған балалармен жұмыс жөніндегі педагог,
- психикалық дамуы тежелген және оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог.
2024 жылы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін 240 қазақстандық педагог марапатқа ие болып, еліміздің үздік мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы Білім министрінің атынан марапаттар табыс етілді.
Жаңа жылда Семейде шыршаны безендіруге келген мұғалім биіктен құлап, қаза тапты.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы мектептерде жалған құжатпен жұмысқа тұрған жеті мұғалім ұсталды.