• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Олжас Бектенов металлургия мен мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

21.05.2025
0
Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Сондай-ақ жоба бастамашылары Solidcore Recources бас атқарушы директоры Виталий Несис, «Татнефть» ЖАҚ бас атқарушы директоры Наиль Маганов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке сөз берілді.

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Терең өңдеу тәсілін меңгеруге ерекше назар аудара отырып, 17 ірі жобаның тізімі анықталды.

Премьер-министрге инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $19,5 млрд-ты құрайтын, 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 ірі бастаманың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бұған дейін биылғы 12 мамырда өткен жиында Үкіметте химия және металлургия салаларындағы 5 жоба қаралған болатын.

Павлодар облысында құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды өңдейтін «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Кәсіпорын құрамында 300 мың тоннаға дейін алтыны бар концентратты өңдеп, Доре қорытпасы түрінде 15 тоннаға дейін алтын өндіреді. Инвестициялардың жалпы көлемі $978 млн-ды құрайды, 500 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру орны ретінде «Павлодар» АЭА таңдалды. Қазіргі уақытта инженерлік іздестіру жұмыстары аяқталды, уақытша ғимараттар мен құрылыстар жобасы бойынша экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынды, жобаның инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысында үш мұнай химиясы жобасын іске асыру көзделген. Қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін өнім шығаратын бутадиен және оның өнімдерін шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $900 млн-ды құрайды, 750 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта қытайлық China Tianchen Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп кеңейтілген базалық жоба әзірленуде.

KMG PetroChem қуаттылығы жылына 735 мың тоннаға дейін өнім шығаратын полиэтилентерефталат өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыруда. Инвестициялардың жалпы көлемі $1,5 млрд құрайды, 400 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

Сонымен қатар өңірде полиэтилен өндірісі бойынша алғашқы интеграцияланған газ химиясы кешенін салу жобасының екінші кезеңі басталды. Инвестиция көлемі $7,4 млрд құрайды, зауыттың қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнімге жетеді. 2029 жылы жобалық деңгейге шыққаннан кейін кәсіпорын премиумды қосқанда, сұранысқа ие полиэтиленнің 20-дан астам маркасын өндіретін болады. 800 тұрақты жұмыс орнын ашу қарастырылуда.

Газ химиясы кластерін қалыптастыру шеңберінде қуаттылығы 1,6 млн тоннаға дейін этан және жылына 355 мың тоннаға жуық пропан газын бөлу кешенін салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $2,7 млрд-ты құрайды, жоба 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының басталуына дайындық жүргізілуде: жобалау аяқталды, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Бұдан басқа, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін кеңейту жөніндегі бастаманың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Жоба мұнай өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді және шамамен 5,2 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі $6 млрд деп бағаланып отыр.

Кеңес барысында металлургия мен мұнай химия саласында ауқымды өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру өңдеу саласының өсуіне ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өндірушілердің өнімдері мен қызметтеріне тұрақты сұранысты қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. Премьер-министр бұл отандық шағын және орта бизнестің өндірістік тізбектерге қатысуын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Металлургия және мұнай химиясы – өнеркәсіптік өсім  құрылатын, жұмыс орындары ашылып, қосылған құн қалыптастырылатын жүйе құраушы салалар. Қарастырылып отырған жобалар Қазақстанның ресурстарды өндіруден бастап, жаһандық нарықтарда сұранысқа ие толыққанды өнім өндіруге көшуін жеделдетеді. Сондай-ақ олардың айналасында шағын және орта бизнестің кең экожүйесін дамыту маңызды әсер етуі керек. Біз әрбір кластерді логистика, жабдыққа қызмет көрсету, құрылыс, қаптама өндірісі және басқа да салаларда ондаған бизнесті тарту орталығы ретінде қарастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр министрліктерге, әкімдіктерге және жауапты ведомстволарға жергілікті жерлерде жобалардың іске асырылуын тиісті үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика министрліктері барлық жобаларды уақтылы іске қосу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: КЕҢЕСҚР ҮкіметіметаллургиямұнайОлжас Бектенов
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

21.05.2025
Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

21.05.2025
Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

21.05.2025
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

21.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
жайлы мектеп

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан аса ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

21.05.2025
 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

21.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты