Соңғы уақытта экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің туындауын және көміртегі бейтараптығына көшу қажеттілігін ескере отырып, әлемде электркөліктер көбірек танымал болып жатыр.
Қазақстанда бар болғаны 3,6 мың көлік электр қуатымен жұмыс істейді, оның ішінде 135 автобус, 226 жүк көлігі және 3,2 мың жеңіл көлік бар. Биыл 1 маусымда электр қозғалтқыштары бар жеңіл көлік саны бір жыл ішінде бірден 7 есе өсті.
Сонымен қатар, мәжілісмендер үкіметке депутаттық сауал жолдады: иелеріне қолайлы жағдай жасау үшін электрокөлік сегментін дамытудың ұлттық тұжырымдамасын әзірлеу керек, деп хабарлайды Хабар24. Атап айтқанда, қуаттау станцияларын салу, субсидия бөлу, техникалық реттеу, ескі көліктерді жаңасына айырбастау бағдарламалары және т. б.
Әлемдегі ең танымал электрокөлік — Илон Масктың компаниясына тиесілі америкалық Tesla. Globalproductprices
Көлік Қытайда (39,2 мың АҚШ доллары), АҚШ-та және Пуэрто-Рикода (әрқайсында 40,4 мың АҚШ доллары) арзан.
Қазақстандықтар арасында танымал kolesa.kz сайтында жаңа Tesla (көрші Қытайдан келген) құны 14 млн теңгеден басталады, бұл бүгінде шамамен 31,5 мың АҚШ доллары. Алайда, көлік кеденнен өтпеген.