Жоғары оқу орнынан кейінгі білім — Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттыруды жүргізеді. Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучинск және Шымкенттегі үш әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады.
«Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында тағы екі әскери колледж – Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі мен Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжін ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл аталған әскери колледждерге негізгі орта білім беру базасында алғашқы қабылдау өткізіледі»,-деді ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Болашақ әскери қызметшілер дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы, барлау, десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару, заттай қамтамасыз ету және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша даярланады.
Орталық коммуникациялар қызметі