«Дәрілерге баға белгілеу моделі өзгерді. Негізсіз қойылған бірқатар үстеме баға алып тасталды», — деді Нұрлыбаев ОКҚ брифингінде.
Шенеуніктің айтуынша, маркетинг, көлік, кеден және басқа да үстемақылар алып тасталған. Енді бір ғана үстемеақы қолданылады, яғни өндірушінің бағасына ғана қосылады.
«Үстеме баға дәріні өндіруші зауыттың құнына ғана қосылады. Осы модель сыналғанын ескере отырып, 1 шілдеге дейін Қазақстан аумағында тіркелген дәрі-дәрмектер қайта есептеледі», — деді ол.