23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда, ал 24 мамырға тіркелген түлектер тестті 1 маусымда тапсырады. Бұл ақпарат талапкердің жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылады.
Айта кетейік, биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнмен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.
Ресми мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан аса оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді.