• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 69 көше мен 18 мектептің аты өзгереді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хабарлады.

22.06.2023
0
Қазақстанда 69 көше мен 18 мектептің аты өзгереді
287
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ұлттық музейде Парламент депутаттарының, министрлік өкілдерінің, ғалымдар мен жазушылардың қатысуымен республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.

Кездесуде Қазақстанның өңірлеріндегі 18 оқу орнын және Көкшетау, Қосшы, Степногор (Ақмола облысы) Арыс (Түркістан облысы) және Талдықорған (Жетісу облысы) қалаларындағы 69 көшенің атауын өзгерту мәселесі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.

Ақтау қаласындағы №28 жалпы орта мектепке ұлы ағартушы, ғалым, ақын және публицист Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

«Ұлт ұстазының» есімімен Қостанай ауданының білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречная жалпы білім беретін мектебі, сондай-ақ Жетісу облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласының №1 орта мектебі аталады.

Қостанай ауданының білім бөлімінің Совхоз жалпы білім беретін мектеп атауы көрнекті жазушы, ақын және қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің құрметіне өзгертіледі.

Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының №2 орта мектебі қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург және журналист Ілияс Жансүгіровтің есімімен аталады.

Жетісу облысы Алакөл ауданы Бескөл станциясының № 14 орта мектебі атауы әлемге әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне өзгертіледі.

Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінің № 11 орта мектебі Кеңес Одағының Батыры және майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының есімімен аталады.

Жетісу облысындағы Үшарал қазақ гимназиясына ұлы ағартушы және педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі беріледі.

«Идеологиялық тұрғыда ескірген, қайталанатын атаулары бар көшелер мен басқа да орындарға келетін болсақ, Көкшетау қаласында «Революция үшін күрескерлерге арналған саябақ» «Алаш арыстары» деп өзгертіліп, Дмитриев көшесі аты аңызға айналған Дәулеткерей күйшінің құрметіне өзгереді. Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 20-шы шағын ауданның бірнеше көшесіне Әміре Қашаубаев, Жаһанша Досмұхамедов, Нұрғиса Тілендиев, Жұмекен Нәжімеденов, Роза Бағланова, Шоқыр Бөлтекұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Батырхан Шөкенов сияқты қайраткер тұлғалардың есімі берілді. Степногор қаласында Парковая және Степная көшелері аты аңызға айналған палуан Қажымұқан мен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың құрметіне өзгертіледі. Сол сияқты Талдықорған қаласының бірнеше көшесіне қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардың, Тұманбай Молдағалиев, Сағадат Нұрмағанбетов сияқты тұлғалардың есімі берілді», — деп жазады министр Асхат Оралов Telegram парақшасына.

Түркістан облысының Арыс қаласында Роза Бағланованың, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның және әртүрлі географиялық орындардың: Шарын, Сарыарқа, Ұлытау, Жидебай, Сарайшық және т. б. атындағы көшелер пайда болады.

Атаулардың бір бөлігі қайта қарауға бағытталған. Бұл «Гүлдер», «Асу», «Тіршілік» және «Айналайын».

Отырысқа қатысушылар көше атаулары өңірдің тарихи және географиялық ерекшеліктерін көрсетіп, нақты мағынаға ие болуы керек деген пікірге келді.

Жақында Түркістанда өткен ұлттық құрылтайдың II отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өмірбаяны біреудің жеке мүддесі мен қалауы үшін мақсатты түрде мифологияланған кеңестік қайраткерлердің есімін әртүрлі нысандарға беру тәжірибесін тоқтату керектігін айтты.

Президент ономастика саласында тәртіп орнатуды және өңірлік ерекшеліктерді де, жалпыұлттық басымдықтарды да ескере отырып, барлық рәсімді регламенттеуді тапсырған болатын.

Дәл осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігі көрнекті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Соның негізінде нысандар мен көшелерге жаңа атау беріледі.

Қазіргі уақытта комиссияға 681 ұсыныс түсті.

Оларды жергілікті ономастикалық комиссиялардың қарауына әкімдіктерге жіберу туралы шешім қабылданды.

Мәдениет комитетіне әдістемелік ұсынымдарға қажетті өзгерістер енгізу жөнінде тапсырмалар беріледі.

Тегтер: Асхат ОраловМәдениет және спорт министріономастика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты