Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымға баса көңіл бөлініп, сәйкес қаржыландыру берілді. Бүгінде 25 мыңға жуық адам ғылым бағытында жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ғылым мен технологиялық саясаттың дамуы туралы вице-министрі Дархан Ахмед-Заки хабарлады.
Оның айтуынша, өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылымды дамыту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады. Президенттің Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды.
«Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өтті» — деді спикер.
ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің баспасөз қызметі