Аязды күндері көліктердің өртену оқиғалары мұздатылған көліктерді ашық отпен жылыту салдарынан көбейеді. Бұл ретте ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Автокөлікте өрт шығуы мүмкін көптеген жанғыш материалдар бар, олар от үшін қолайлы жағдайларда тез тұтануы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.
Жыл басынан бері елімізде автокөліктерде 164 өрт оқиғасы тіркелді.
Автокөліктердегі өрттердің негізгі себептері — электр және отын жүйелерінің ақаулықтары. Уақыт өте келе сымдардың оқшаулауы жарылуы мүмкін және жанармай мен майдың ағуы өрт қаупін арттырады.
Сондай-ақ, ақаулықтары бар механизмдерді ұзақ уақыт бойы пайдалану және әртүрлі қосымша электр жабдықтарды қосу, бөлшектердің қызып кету, содан кейін электр жүйесіндегі қысқа тұйықталуына әкеледі.
Сондықтан автокөліктер уақтылы техникалық жөндеуден өткізілуі қажет.
Көлігіңізде әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіш болуы керек.
Мұздатылған бөліктерді қыздыру үшін ашық отты қолданбаңыз!
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті