• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАНДА 1,5 МЛН ЖУЫҚ АДАМ НЕМЕСЕ ВАКЦИНАЛАУҒА ЖАТАТЫН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 15% ВАКЦИНА АЛДЫ — ҚР ДСМ

04.05.2021
0
ҚАЗАҚСТАНДА 1,5 МЛН ЖУЫҚ АДАМ НЕМЕСЕ ВАКЦИНАЛАУҒА ЖАТАТЫН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 15% ВАКЦИНА АЛДЫ — ҚР ДСМ
205
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 153 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 600 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші –  2,1 %.

«Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 107-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр. Қазақстанда 4 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 330 071 науқас және КВИ- нәтижесімен 53 093 жағдай тіркелді», — деді А. Цой.

Жоғары эпидемиологиялық қатер аймағында 9 аймақ бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Өткен аптада Павлодар және Жамбыл облыстары қызыл аймаққа өтті.

Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық қатер аймағында 5 өңір бар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары. 3 өңірдің «жасыл» аймағында: Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр.

Ағымдағы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42% (15 517 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28% (962 төсек-орын) құрайды.

Инфекциялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында — 60%, Алматы қаласында — 57%, Қызылорда облысында — 59%, Алматы облысында — 56%, реанимациялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында 62%-дан, Алматы қаласында — 52% байқалады.

Бүгінгі таңда ҚР-да вакциналау үшін үш вакцина қолжетімді. Бұл Спутник V, QazVac және Hayat-Vax вакциналары. Шамамен 1,5 млн адам немесе вакциналауға жататын халықтың 15% егілді. Вакцина алу қарқыны әр азаматтың туыстары мен жақындарының денсаулығына қамқорлық танытудағы саналы көзқарасына байланысты.

Вакцинаны жеткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, ақпан айынан бастап сәуір айының соңына 2,3 млн доза вакцина жеткізілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 20%-ына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Вакцина өндірушілермен келіссөздер тұрақты негізде жалғасуда.

«Вакциналау қарқынды жүріп жатқанын атап өткім келеді, мысалы, 1 сәуірмен салыстырғанда бірінші және екінші дозасын алғандар тәулігіне 12 есе, яғни тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте 11 мың медицина қызметкері, 1000-нан астам стационарлық егу пункттері және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылды. Вакциналау пункттері 2 ауысымда сағат 24.00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді», — деді ведомство басшысы.

Вакциналау науқаны басталған сәттен бастап Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцинаның 1,8 млн-ға жуық дозасы қолданылды.

Сонымен қатар, өңірлердің әкімдері қазір ауыл тұрғындарын вакциналауға назар аударуы қажет, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалану қажет.

Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады, оның ішінде ашық аспан астында қызмет ететін нысандар үшін, спорттық іс-шаралар өткізуде, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметінде уақыт бойынша бірқатар шектеулерді алып тастау,  жеңілдіктер беру бар.

Критерийлерге жаңа нысандар енгізіліп, олардың қызмет ету тәртібі анықталды: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фудтар және т. б. сияқты қоғамдық тамақтану объектілері.

  • «Қызыл аймақтағы» супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысына уақыт бойынша шектеулер алынып тасталды және жексенбі күндері ашық базарлардың жұмысына рұқсат етіледі.
  • «Қызыл аймақта» және «сары аймақта» діни объектілердің ашық аспан астында, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей (қолданыстағы редакциясында — ұжымдық іс-шаралар өткізбей) жұмыс істеуіне рұқсат етілді;
  • «жасыл аймақта» мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (үй-жайда) жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 02.00 дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес болғанда, ұлғайтылды.
  • «Жасыл аймақтағы» компьютерлік клубтардың, боулингтердің қызметі — толымдылығы 30%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеуге рұқсат, толымдылығы 75%-дан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін);
  • «Сары аймақта» көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат, толымдылығы – 15%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – тыйым салынады).
  • «Жасыл аймақта» облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар кезінде толымдылығы 15 адамнан 25 адамға дейін арттырылды.
  • Критерийлерге қосымша жаңа объектілер енгізілді және олардың қызмет тәртібі анықталды: жазғы алаңдарда — «қызыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 9-дан 20.00 дейін;
  • «сары аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 24.00 дейін; «жасыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 2.00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында — «қызыл аймақта: сағат 24.00-ге дейін;
  • «сары аймақта» және «жасыл аймақта» аймақта: тәулік бойы; ашық аспан астындағы стрит-фудтар, аттракциондар қызметі.

А. Цойдың айтуынша, КВИ-ға қарсы вакциналанғандар санының біртіндеп артуына және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез-келген түрінде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахта жұмысшыларына, демалыстан, іссапардан кейін медициналық қызметкерлерге, ауырып қалуына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттеріне және т.б. ПТР тесті қажет емес.

CОVID-19 расталған жағдайда олармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі; кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыспайды. Сондай-ақ, 26 сәуірден «Ashyq» бағдарламасы барлық өңірлерде қолданыла бастады, 3 мыңға жуық қатысушы, 650 мың пайдаланушы тіркелді, шамамен 900 КВИ науқас және олармен байланыста болған 700 тұлға анықталды.

«Күн сайын тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркеліп отырған Үндістандағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндістан аумағында таралған штаммның әкелінуінің алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға анықтамасының және COVID-19-ға қарсы вакциналануына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануы (үй карантині) тиіс», — деп түйіндеді А. Цой.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бүгінгі таңда облыс қызыл аймақта екенін хабарлады.

«Соңғы аптада аурудың 1067 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Өткен аптамен салыстырғанда ауру көрсеткішінің 20,5%-ға төмендегендігі байқалады. Ауруға шалдыққандарды барынша анықтау мақсатында ПТР зерттеулер саны көбейтілді. Облыстағы 13 зертханада тәулігіне 2 мыңнан астам зерттеу жасалады», — деді БҚО әкімі.

Облыс аумағындағы жағдайға байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Мейрам күндері елді мекендердегі тұрғындардың облыс орталығына келуін азайту мақсатында Орал қаласында және қызыл аймақтардағы 6 ауданда 1 мамырдан бастап 21 блок-бекет орнатылды.

Аталған блок-бекеттердің жұмысы STOPCOVID.KZ сайты және «109» телефон байланысы арқылы толықтай автоматтандырылған. Бұл шаралар облыс орталығына қатынайтын тұрғындардың санын 35%-ға дейін азайтып, адам көп жиналатын шараларды өткізудің алдын алуға мүмкіндік берді.

Мониторингтік топтар күнделікті рейдтерін жалғастыруда. 1 сәуірден бері мониторингтік топ мүшелері 665 рет рейдке шығып, 3,5 мыңнан астам нысанды тексерді. 12 мейрамхананың жұмысы 3 айға тоқтатылды. Соңғы аптада 1,9 млн теңгеге 34 хаттама толтырылды.

Ғ. Есқалиев мәлім еткендей, бүгінгі таңда «Ashуq» мобильді қосымшасын енгізуге кәсіпкерлік субъектілерінен 125 өтінім келіп түсіп, соның ішінде 33-і тестілік режимнен өтті, қалғаны апталық оқытудан өтуде.

Тұрғындарды вакциналау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өңірге келген 84 700 вакцинаның компоненті бойынша 45 205 адам, ал II компоненті бойынша 14 593 адам екпе қабылдады.  18 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді, жұқпалы аурулар төсек-орындарының толығуы 50% құрайды. Реанимациялық төсек-орындардың толығуы 51% құрайды. Қосымша 1 400-ден астам  резервтік төсек-орын дайындалды.

«422 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тұрақтандыру қорының қажетті нормативі қамтамасыз етілді. Облыстың дәріхана желілері мен медициналық ұйымдарында екі айлық дәрілік қор қалыптастырылды», — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өткен аптада облыста КВИ-дың 932 жағдайы тіркелгенін айтты, өткен тәулікте 125 жағдай тіркелген. Денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме байқалмайды. Инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 35%-ға жетпейді, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі қолда бар резервтен 17% құрайды. ӨЖЖ аппараттарына 13 пациент қосылған.

«Оттегі жабдықтарының және басқа да жабдықтардың, медициналық персоналдың қажетті саны бар. Алғашқы буынның жұмысы күшейтілді: емханалар жанында 175 мобильді бригада жұмыс істейді. Стационарларда 45 күндік препараттар резерві бар. ПТР-диагностикасын жүргізетін 6 зертхана жұмыс істейді», — деді Павлодар облысының әкімі.

Вакциналау бойынша. Бүгінде вакцинаның І компонентін 51 076 адам, II компонентін 13 982 адам алды. Өткен аптада күніне 5 600-ге жуық тұрғын вакциналанды.

Облыс бойынша барлығы 135 вакциналау пункті бар, оның ішінде 17 – медициналық мекемелерден тыс; 37 көшпелі бригада жұмыс істейді, олар еңбек ұжымдарының шақыруы бойынша вакцина жасайды; жылжымалы медициналық кешендер де жұмыс істейді.

«КВИ таралу қарқыны бойынша облыс қазір «қызыл аймақта». Кешеден бері өңірде күшейтілген карантиндік шаралар енгізілді. Облысаралық және облысішілік тасымалдардың көпшілігі тоқтатылды, ұжым қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне баруға уақытша және сандық шектеулер және басқа да шаралар енгізілді. «Ashyq» жобасының қатысушылары, қазір облыс бойынша 100-ге жуық бизнес субъектісі үшін ғана рұқсат етілді», — деді Ә. Сқақов.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzВакцинақызыл аймақМИНИСТР
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты