• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Қазақстан туралы үздік роман байқауының жеңімпазы анықталды

05.07.2022
0
Қазақстан туралы үздік роман байқауының жеңімпазы анықталды
273
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман конкурсының жеңімпазы өмір бойы айына 500 доллардан алып тұратын болды.

2022 жылдың 4 шілдесінде Алматыда өзінің тырнақалды туындысы «Күлпет» романын жазған Қазғұлов Шархан Нағметұлына «Freedom Support USA» бағдарламасы бойынша Ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру шарты шығарылды. Бұл роман www.mecenat.kz сайтындағы конкурста халықтың көпшілік дауысымен жеңіске жетті. Марапат өмір бойына ай сайын 500 долларды (төлем жасалған күнгі ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен) құрайды. Полисті қазақстандық «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ шығарды (ҚР Ұлттық Банкінің 28.05.2019 ж. №2.2.51 лицензиясы).

2022 жылдың 5 шілдесінде конкурс жеңімпазы және финалдың 6 қатысушысы баспа ісі және мәдениет қайраткерлерімен бірге Алматыда өткен дөңгелек үстелге қатысты, атап айтқанда:

— Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Тәжі мемлекеттің жаңарған кітап шығару саясаты туралы айтып берді.
— атақты ақын Бақыт Кенжеев әріптестерінің назарына қазақстандық жазушылардың ең ірі халықаралық кітап нарығында қандай жағдайларда сұранысқа ие бола алатынын жеткізді.
— сыйлық меценаты Тимур Турлов филантропияның алдағы жоспарларымен бөлісті,
— Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек «Әдебиет академиясы» жобасы жайлы ақпаратты ортаға салды.

Дөңгелек үстелден кейін 10 ірі баспаның өкілдері финалдың осы 6 қатысушысымен олардың туындыларын басып шығару туралы тікелей келіссөздер жүргізді, осылайша әлем әдебиетінің тарихында тұңғыш рет киноиндустриядағы, мысалы, Канн (Франция) және Пусан (Оңтүстік Корея) сияқты маркетплейстердегі жобаларға ұқсас маркетингтік жобалар орын алды.

Роман Mecenat.kz жобасының аясында орыс тіліне аударылады.

Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін Mecenat.kz әдеби сыйлығы – бұл Қазақстан азаматтарының, ел патриоттарының және кәсіпқой әдебиетшілер тобының коммерциялық емес, саяси емес тәуелсіз азаматтық жобасы. Мақсаты – қазақ әдебиеті мен оқуға деген қызығушылықты дамыту. Сыйлықтың негізін қалаушы – Ерлан Асқарбеков, меценат – Тимур Турлов. Қазақ және орыс әдебиетінің сарапшылары – Бақытжан Қанапьянов пен Павел Банников.

Биыл 67 роман жиналып, дауыс беруге 21 жіберілді. Автор ретінде де, дауыс беруші ретінде де қатысу құқығы тек Қазақстан азаматтарына берілді. Сайтты 63 мыңға жуық адам қарап шықты. Олар сайтқа орташа есеппен әдеттегі 7 секундтың орнына 3-4 минут уақыттарын бөлді. Олардың 4 мыңға жуығы шығармаларын жүктеді, оқыды, тәуелсіз таңдауы бойынша дауыс берді.

Жобаға ақпараттық қолдау көрсеткендер:
– бас ақпараттық демеуші – Қазақстан ұлттық телеарнасы және Ақпарат министрлігі
– Мәдениет министрлігі (барлық 7300 мәдениет мекемелеріне ақпарат жіберіп, таратты)
– Amanat партиясы (барлық 800 мың партия мүшесіне ақпарат жолдады)
– Нұр-Медиа холдингі (Астана ТВ, «Литер» және «Айқын» газеттері)
— Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (барлық филиалдарына ақпарат таратты)
Конкурс туралы хабарландыру келесі басылымдарда жарияланды:
— «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде
— ZTB, Dalanews, ҚазАқпарат, Baq порталдарында
Сондай-ақ ұйымдастырушы келесі әдеби ұйымдардың мүшелеріне тікелей шақыру жіберді:
— Жазушылар Одағы
— Алматы Ашық Әдебиет Мектебі
— «Литпрактикум» курстары
— Алматы әдебиет үйі
— «Жазушылардың Құрама Штаттары» жобасы
— Kitapfest жобасы

Жобаға Молданазар, М.Бисенғалиев, А.Саин, А.Мүкей, Л.Сұлтанқызы, С.Ақышев, С.Абас-Шах, Ж.Ильичева, Б.Қисықов, Алмаз Ержан, Олжас Құдайбергенов, Самал Ибраева сияқты жұлдыздар мен медиа тұлғалар қолдау көрсетті.

Дауыс беру рәсімі қазақстандық нөмірлердің SMS-хабарламаларын верификациялау, ішкі аудит, қорытынды аудит, арнайы техникалық рәсімдер мен хаттамалар арқылы қорғалды. Әзірлеуге біліктілігі ең жоғары киберқауіпсіздік мамандары қатысты. Сайтқа дауыстарды бұрмалау мен дауыс жинаудың заңсыз шабуылдары үздіксіз жасалғанымен, ұйымдастырушылар үміткерлердің алғашқы жұбындағы дауыстардың нақты санын бейнежазбаға түсіру арқылы нәтижелерге жалпы аудит жүргізіп, дұрыс тойтарыс бере алды.

Жоба келесі бағыттарда дамитын болады:
— қазақ диаспорасының авторларын шақыру
— әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ілгерілетудің ойластырылған стратегиясы
— ең үздік қолжазбаларды экранға шығару үшін бірінші жылғы финалистерге арналған фоллоу-ап – кино продюсерлеріне арналған маркетплейс
— қазіргі ақпараттық демеушілермен арадағы серіктестікті күшейту
— барлық әдеби курстармен (қазақстандық немесе шетелдегі қазақ тіліндегі) ынтымақтасу
— киберқауіпсіздік шараларын күшейту.

Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/qazaqstan-turaly-uzdik-roman-bayqauynyn-zhenimpazy-anyqtaldy-282458/

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

04.06.2025
Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

04.06.2025
Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

04.06.2025
Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

04.06.2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

04.06.2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

Смайылов Денсаулық сақтау министрлігін сынады

04.06.2025
«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

04.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты