Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Сингапурмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

78
ҚАРАЛЫМ

 Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі (резиденциясы Сингапурда) Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екіжақты сауда мен инвестициялар серпінінің қалпына келуі қанағаттанушылықпен атап өтілді. 2022 жылғы қаңтар-мамыр кезенінде Қазақстанға Сингапурдан тауарлар импорты 14,28 млн АҚШ долл. (+20,5%), ал Қазақстаннан Сингапурға экспорт 782,5 млн АҚШ долл. (+233,8%) құрады. Қазіргі таңда, Қазақстан аумағында Сингапур капиталының қатысуымен 100-ден астам заңды тұлғалар, филиалдары мен өкілдіктері тіркелген.

ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары қазақстандық тараптың Сингапурмен құрылыс, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, қаржы салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді, сондай-ақ сингапурлық компанияларды АХҚО-мен ықпалдастықты кеңейтуге шақырды.

Тараптар жоғарғы деңгейдегі саяси диалогты және  парламентаралық өзара іс-қимылды жалғастыруға, сонымен қатар сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы