Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті, — деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты.
Оған әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын.Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:
🥈 Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
🥈 Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
🥈 Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
🥉 Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.
Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.