• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты

17.09.2021
0
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты
138
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Мемлекет басшысы өз сөзінде соңғы айларда Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайдың тез өзгеріп, ахуалдың тұрақсыздану қаупі туындағанын атап өтті.

– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының мандатына мұндай сын-қатерлердің алдын алу және оған дер кезінде мән беру мәселелері кіреді. Бұл біздің беделді екі аймақтық құрылым арасындағы іс-әрекеттерді үйлестірудің маңызды екенін көрсетеді. Ауғанстанның уақытша үкіметі алдында аса күрделі міндеттер кешені тұр. Жаңа мемлекеттік құрылымды қалыптастыру және жалпы ұлттық тұтастыққа қол жеткізу сияқты стратегиялық мақсаттардан бөлек күнкөрістің көкейтесті мәселелерін де шешу қажет. Экономиканың қордаланған мәселелерінің шешілуі, түптеп келгенде, Ауғанстан мемлекеттілігінің шама-шарқын айқындайды. Шындығы осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, дағдарыстан шығу үшін бұл елдегі ішкі ресурстар мүлде жеткіліксіз. БҰҰ-ның бағалауы бойынша Ауғанстан гуманитарлық апат жағдайында тұр.

– Бұл асыра айтқандық емес. Жуық арада Ауғанстан аса ауыр азық-түлік дағдарысына ұшырауы мүмкін. Осы қиыншылық Орталық Азия аймағының да шекарасын айналып өтпейді. Оның салдары жаһандық сипат алады. Аталған жағдай, ең алдымен, тұрғындардың көшуге мәжбүр болуынан туындайды. Алайда, қазір жай болжам жасаудың емес, нақты іске көшудің маңызы зор. Елдеріміз бен ұйымдарымыз деңгейінде Ауғанстан халқына көмектесу үшін «гуманитарлық көпірді» жедел түрде салған жөн. Қазақстанның инфрақұрылымы мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, мұндай «көпірді» ұйымдастырудың маңызды бөлігі ретінде Алматы қаласында аймақтық хаб құру ұсынылады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған жұмысты Алматы қаласына БҰҰ басшылығының өтініші бойынша қоныс аударған Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясының (UNAMA) мандаты аясында жүргізуге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты ШЫҰ мемлекеттері басшыларының бүгінгі отырысында айтты.

– Гуманитарлық дағдарыстың ауыр кезеңін еңсергеннен кейін алдағы уақытта Ауғанстанға түрлі бағыттар бойынша БҰҰ институттарының тарапынан жүйелі қолдау қажет болады. Алматыда БҰҰ-ның Аймақтық хабының құрылуы бұл жұмыстарды үйлестіру үшін оңтайлы мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауған мәселесі бойынша өзара іс-қимылдар жүргізгенде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кезек күттірмейтін міндеттерін шешуден бөлек, келешекті де назардан тыс қалдыруға болмайтынын атап өтті.

–  Саяси және гуманитарлық ахуал қалай қалыптасса да, адами капиталға тартылған инвестиция ғана ұзақмерзімдегі орнықты болашақты қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты аталған елдің азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру ісін жалғастыру маңызды. Бүгінде Қазақстанда Ауғанстанның 200-ге жуық студенті білім алуда. Ауғанстанның жаңа билігі бұл жастардың жоғары білім алуына еш кедергі жасамайды деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.

– Мұндай байланыстар тәліптердің шынайы ниетін бағалауға, аймақтық тұрақтылықтың сын-қатерлеріне қатысты пікірлерді қалыптастыруға, осы елмен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осы ретте, ресми түрде мойындау туралы сөз болып отырған жоқ. Көп нәрсе жаңа әкімшіліктің алдағы нақты іс-әрекеттеріне және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болатынын тағы да қайталап айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер мүдделерінің сәйкес келуі және олардың бірлескен күш-жігері аймақтың қауіпсіздігі мен орнықты дамуының өзекті мәселелерін шешу жөніндегі ортақ іс-қимылдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты