Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
– Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды.
Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз, – деп жазылған жеделхатта.
Дереккөз: t.me/aqorda_resmi