• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

03.06.2019
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
263
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аударды.

– Облыстағы орташа жалақы мөлшері – 112 мың теңге. Бұл – елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. 1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптің мүмкіндігін толық пайдаланып, индустрияландыру жобаларын іске асыруда заманауи технологиялық өндіріске баса мән беру керектігіне тоқталды.

– Өңдеу өнеркәсібіне, әсіресе, химия кластеріне ірі инвесторларды тарту қажет. Үкімет пен әкімдікке осы мәселені нақтылауды тапсырамын. Бұл – экономиканың орнықты дамуына ықпал етеді, еңбек өнімділігін арттырады. Өңірдегі өндірістің даму көзі «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болуы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің төмен екенін айтты.

– Жергілікті әкімдік агросектор саласының мамандарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Облыста қант қызылшасы, жеміс және көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бастап шетелден әкелінетін шикі құрақ қантына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар баршылық екенін атап өтіп, туризмді дамыту қажеттігін айтты.

– Аймақтың туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл бағытта шетелдік озық тәжірибелерді ескерген жөн. Үкімет туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындауда. Жамбыл облысы тарихи көрнекті орындарға өте бай. Өңірдегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек. Оған облыстың ресурстары жеткілікті, – деді Мемлекет басшысы.

Аймақтар арасындағы алшақтықты азайту қажеттігін айтқан Қазақстан Президенті Жамбыл облысындағы шағын қалаларды дамыту туралы ойын ортаға салды.

– Моно және шағын қалалар – өз алдына бөлек мәселе. Жаңатас, Қаратау секілді шағын қалалардың әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамытамыз. Бұл шаралар, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

– Жемқорлықты түбегейлі жойғанша күресеміз. Әкімдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Ел экономикасының дамуы және халықтың әл-ауқатының артуы осыған тікелей байланысты. Жемқорлықпен күрес – менің Президент ретінде негізгі мақсаттарымның бірі. Бұл іске аймақ өкілдері белсене араласуы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық, ауылдық елді мекендердегі жолдарды жақсартуды, білім беру нысандарын көптеп салуды, сол арқылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін реттеуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастарға әрқашан қолдау көрсетілетінін және білікті мамандардың шығармашылықта, қызметтік сатыда өсуі үшін кедергі болмауы керектігін айтты.

– Әкімдіктердің жанындағы Жастар кеңесі олардың қызмет бабында өсуіне қажетті баспалдақ болуы тиіс. Біз мемлекеттік қызметте ғана емес, білім мен ғылым, мәдениет пен спорт, бизнес және басқа да салаларда дарындардың дара шығуын қолдаймыз. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жастардың бизнес бастамалары мен стартаптары қолдау табады, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту қажеттігін ескертіп, өңірдегі мал ұрлығы мен есірткі саудасына тосқауыл қою керектігін атап өтті.

– Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет. Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек. Сондықтан, әкімдіктер мен жергілікті полиция барымтаға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет. Есірткі қылмысының ушығуы  – бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі. Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында дәрігер, мұғалім және кәсіпкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандар: Мойынқұм аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Айтишев, «Кнауф-гипс Тараз» ЖШС директоры М.Бекназаров, «Jasau Taraz» жеке кәсіпкерлігі басшысы А.Бексұлтанова, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Озықбаева және «Агроспецстрой» ЖШС бас директоры М.Рахымбердиев.

Дереккөз: akorda.kz

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты