Қазақстанның Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Мал шаруашылығы академиясымен және «Жібек Жолы» Қазақстандық коммерциялық инвестициялық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында «Қытай-Қазақстан бірлескен жайылымдық мал шаруашылығы зертханасын» құруды жоспарлап отыр.
Тиісті келісім аясында тараптар бірлескен технологиялық әзірлемелер жүргізуді, мамандарды алмасу және тренингтер арқылы даярлауды, техникалық оқытуды, сондай-ақ саланы дамыту мақсатында ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізуге жәрдемдесуді көздейді.
Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және кадр даярлау бағыттарында ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.
АШМ баспасөз қызметі