Қазақстан 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
– 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге арттыру міндеті қойылды. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін біз әлемнің 60-тан астам еліне экспортқа бағытталған 180 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Қазақстан ферроқорытпаларды экспорттау бойынша екінші орынға шығады. Біз әлемде тұз қышқылын ыдырататын кешенді тыңайтқыштар өндіретін бірінші ел боламыз, – деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.
Министрдің мәліметінше, жаңа өндірістерде 164 орта және 121 жоғары өңдеу өнімдерін шығару жоспарлануда. «2025 жылға дейін жоғарғы қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 2,7 трлн теңгені құрайды, бұл қолданыстағы өндірісті екі есеге арттырады. Орта технологиялық өнім өндірісінің көлемі 2,1 триллион теңгені, экспорт – 2 миллиард АҚШ долларын құрайды, бұл өндіріс көлемін 12,5 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
– Қазақстан КамАЗ және HYUNDAI жаһандық тарату тізбегінің бір бөлігіне айналады. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын әрбір үшінші көлік экспортқа бағытталған болады. Бұл ретте отандық құрамдас бөліктерді өндіру есебінен жергілікті қамту үлесін арттыру 50 пайызға жетеді, – деді Бейбіт Атамқұлов.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/aza-stan-k-rdeli-ty-ajt-yshtardy-shy-aratyn-lemdegi-birinshi-el-bolady/